Сен тұр - мен айтайын!

"Шофер білімі" біздің қоғамда да белең алып келеді.

  • "Шофер білімі" біздің қоғамда да белең алып келеді.

Нобель сыйлығына ие болған немістің физигі, Квант физикасының негізін қалаушы Макс Планк өз заманында маңайына білім нұрын шашып, лекция оқиды. Таптырмас маман. Әр күнін әр қалада, әртүрлі ортада кездесу өткізетін беделді ғалым.


Бір күні шопыры жолда келе жатқанда "Профессор, бір айтқаныңызды түрлі кездесуде қайталай бересіз. Тіпті мен жаттап алдым. Келесі кездесуде мен оқиын сол лекцияңызды, - депті.


Профессор келісіп, екеуі жолда киімдерін ауыстырып алады.


Содан галстук таққан әлгі шопыр трибунада тұрып өзінің бастығы әрі әйгілі ғалым Планктың айтатын әңгімесінің үтір-нүктесіне дейін әдемі жеткізеді. Залдан ду қол соғылады, аудитория керемет қабылдайды.


Кезек сұрақтарға келеді, алғашқы сауал жолданады залдан.


Сонда әлгі галстукпен сахнада тұрған ғалым кейпіндегі шынайы шопыр айтыпты:


- Осыны да сұрақ деп қойып тұрсыз ба? Мен бұл сұраққа жауап беріп уақыт құртпаймын. Мына сұрағыңызға осы залда отырған менің шопырым да жауап бере алады деп шынайы ғалымды орнынан тұрғызыпты.


"Шофер білімі" (Chauffeur Knowledge) біздің қоғамда да белең алып келеді. Әлеуметтік желілерде өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай ақпарат жеткізу сол "шопыр білімділерден" шығады. Ақпараттық фильтріміз болмаса, әлі талай шофер адастыратын шығар.


facebook.com




Көрілген: 1343    Пікірлер: 0

сенбі, 28.09.2019, 16:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31