Сен тұр - мен айтайын!

Шөтейінің ұшы соңғы 10 жылғы күнәні тап-таза ғып "жуатын" көрінеді...

  • Шөтейінің ұшы соңғы 10 жылғы күнәні тап-таза ғып

    Шөтейінің ұшы соңғы 10 жылғы күнәні тап-таза ғып "жуатын" көрінеді...

Жебірейлердің жарнамасы жынды болған ғой.., ел ішіне "Иса ғ.с. пайғамбарды 8 жасында сүндеттеп, оның шөтейінің ұшы Ватиканда сақталған" деген сыбыс таратыпты. Елдің бәрі сол киелі кесіндіге тәу етіп, күнәсінен арылатын болса, соңғы 10 жылғы күнәні тап-таза ғып "жуатын" көрінеді...

Бірде өзін діндәр-әулие етіп таныстырып жүрген Агнесса Бланбекин деген христиан мистигі әлгі шөтейұшқа құлшылық қылғаны сондай, ол Исаның ғ.с. кесік етін өз аузында тұрғандай сезінген. Ал, ХIV ғасырда өмір сүрген әулие Екатерина Сиенская деген діни қайраткер һәм жазушы қатын жаңағы шөтейұшты көрген кезде сондай ғажайып әлемге еніп кетіп, қиялында Иса Мәсіхпен некелескенін, өзінің саусағынан неке жүзігі ретінде киелі кесік етті көргенін тамсана суреттейді. Сол-ақ екен, мәсіхші-христиандар Ватиканға қарай жем жеген қойдай өреді.

Жарнаманың жынды кетіп, Ватикан сопыларының ақшаға көміліп жатқанын сезе қойған басқа зымиян поптар қарап жата ма?! Олар да (кімдікі екенін ит білсін) бір-бір шөтейұш тауып алып, "Бұл Иса Мәсіхтің қасиетті денесінің бөлшегі!" деп, елдің есін тандыра тәу ету рәсімдерін жүргізіп жібереді. Көпестер мал-мүлкін, кедейлер соңғы тиын-тебенін шіркеуге беріп, әркім қал-қадерінше күнәсінен арылып қалған деседі...

Бұл бизнестің қарқынды жүргені соншалық.., Батыста бір емес, жиырмаға тарта "қасиетті шөтейұш" пайда болып, әр өлкенің өз киелі кесік еті сол жердің халқын "періштедей пәк" етіп жіберсе керек.

1900 жылы "Кімде-кім қасиетті шөтейұш туралы сөз қозғаса, шіркеуден шеттетіліп, діннен шығарылады және қатаң жазаланады!" деген ресми Ватиканның арнайы қаулысы қабылданып, жарлық шығыпты. Содан бері қазір әлемде киелі шөтейұш жоқ!

 

 

‎Қанат Ескендір
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1462    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 22:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30