Шығыстың Әнұраны қай ән?

Шығыстың Әнұраны қай ән?

Жақында талантты режиссер, Алматыдағы Жүргенов атындағы Өнер академиясының бұрынғы ректоры Асхат Маемиров бастаған бір топ өнер адамдарымен бірге Абай ауданына барып қайттық. Семейден шығарда Асхат ағамыз "Осы өңірдің Әнұраны деуге тұрарлық Семей туралы, Шығыс туралы қандай ән бар?" деді. Шынымды айтсам, қонаққа білдіртпегеніммен іштей қатты қысылдым. Қызылордада "Сыр сұлуы", Солтүстікте "Теріскей", Батыста "Ақ ерке ақ Жайық" секілді әндер бар ғой. Бізде Шығыстың Гимні деуге боларлық қандай ән бар? "Гүлмира Сарина орындайтын "Шығысым - шырайлы елім" деген жақсы ән бар. Қазір әртүрлі жерлерде өтетін ресми жиындарда, концерттерде орындалып жүр. Сосын "Тарбағатай таулары" деген ән бар" деп жауап бергендей болдым. Расында, сөзін Қалқаман ағамыз жазған "Шығысым - шырайлы елім" жақсы ән. Шығыстың Гимні деуге тұрарлық ән. Бірақ әлі де насихат керек секілді. Облыс тұрғындарының көпшілігі біле бермейді. "Тарбағатай таулары" да күшті ән. Бірақ бұл әнді Шығыстың Гимні деуге келмейтін секілді. Шәмші Қалдаяқовтың "Шығыстың шолпаны" деген әні бар. Бірақ бұл ән де көп орындалмайды. Ал Семей туралы қандай ән бар? Жастар жағы айтатын "Туған қалам Семейімнен" басқа ән жоқ секілді. "Ахау, Семейді" үлкендер жағы білмесе, жастар көп шырқай бермейді. Айтпақшы, Гүлмира Сарина орындайтын "Шығысым - шырайлы елім" әні Өскеменде арнайы ұйымдастырылған байқау кезінде туған еді. Қателеспесем, ол кезде Өскеменнің бүгінгі әкімі Жақсылық Омар Мәдениет басқармасының басшысы болатын.

Қысқасы, Шығысқа Әнұран болатындай ән керек секілді. Ол үшін тағы да бір байқау ұйымдастырылса жақсы болар еді. Ақындар мен сазгерлердің құлағына алтын сырға!

Azamat Qasym
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста