Сен тұр - мен айтайын!

Шындығында ешкім өзін қоқыспын деп ойламайды...

  • Шындығында ешкім өзін қоқыспын деп ойламайды...

    Шындығында ешкім өзін қоқыспын деп ойламайды...

Таңмен кішкентай ғана бақшама шығып, арамшөптерін жұлам. Адамның өмір шеңбері жасы келген сайын әке-шешесінің шеңберіне түсіп айналады ма деп қалдым. Тура соларша ойлап, кезінде айтқан сөздері есіңе түсіп, сол сөздерді тапа өзің айтқандай санаңа қабылдай бастайды екенсің. Әкем марқұм жолында көлденең жатқан қоқысты ерінбестен көтеріп алып, қоқыс үйілген жерге тастайтын. Дап-дардай студент шағымда ұзақтау демалыс кезінде қаладан үйге қайттым. Автобустан түсіп, үйдің көшесіне түскен кезде әкеме жолыға кеттім. Құшақтай алайын десем, әкемнің екі қолы сым, тас, кеспелтек ағаш секілді қоқысқа тола. Үй жақтағы қоқыс жәшігіне әкеле жатқан беті екен. "Туһ, аға-ай, қоқыс тазалағанды қашан қоясыз?"-дегенімде әкем мұртынан мырс етіп:"Е, қалқа, бұл қоқысты жолдан іліп ап үйіндіге тастау жеңіл. Адамның қоқысын Құдайдан басқа ешкім тазарта алмайды"-дегеніне тап сол жерде анау айтты мән бермедім. Бүгін, таңғы салқынмен арамшөп жұлып отырып әкемнің сол сөзі ойыма оралды. Рас... Шөптің де қажетсізін жұлып тастайсың. Бірақ, "адамның қоқысын" тазалау, тек Алланың қолында. Қолыңнан келері - қоқысқа қосылып кетпей, өзіңді таза ұстай біл. Азды-көпті өмірімде тіршілік қоқысының арасында тұншықпауға тырысып келем. Жәй... Кеше ғана қолдауымды күткен кей пенденің еш қиналмастан өз қоқысын басыма қотарғанда, олардың қоғам алдында имандының рөлін керемет ойнап жүргендеріне мен де мұртымнан мырс етіп алдым. Қарапайым шындық табиғатта. Әлжуаз кезінде еккен қызанақ күннен-күнге қара жерде нықталып, бой түзеп, тіршілікпен күресті көз алдыңда бастап жібереді. Қараймын да таң қаламын. Еш жалғандық, сыртыңнан өсек айту, өзге қоқысқа қосыла кету жоқ. Тап-таза күрес!.. Бабын жасасаң тамыры жуандап, "аз күнде гүл ашамын, түйнек саламын" дегендей қуана қарайды. Шындығында ешкім өзін қоқыспын деп ойламайды. Сонысымен де тіршілік жалған...

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2279    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.05.2021, 08:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31