Сен тұр - мен айтайын!

Шындықтан сөз бұзылмайды...

  • Шындықтан сөз бұзылмайды...

    Шындықтан сөз бұзылмайды...

 Бүгін Алматыда +37° болды. Көлеңкеде жүріп-ақ тіліміз салақтап, қиналып қалдық. Үйге келе сала салқын суға түсіп, жан шақырдық. Қазірге дейін үп еткен жел жоқ. Ал Шымкенттің ыстығында күні бойы сыртта жүргендер қайтті екен? Әрине, Шымкент қаласының әкіміне қойылған талап дұрыс емес. Өзі онсыз да халық тығыз орналасқан қалада соншама адамға қайдан жер тауып берсін. Әрі қандай қиын жағдай болса да, кезекте тұрғандарды ысырып тастап, арыстықтарға пәтер бере алмайды. Облыс әкіміне де оңай емес. Бірақ халық әбден ашынған. Соңғы он жылдағы бірнеше жарылыс және соған орай бір де бір лауазымды тұлғаның жауапкершілікке тартылмауы оларды әбден ашындырып жіберген. Әрі үрей бар. Дүйсенбідегі дүрбелеңде "соғыс басталып кетті ме?" деп үрейі ұшқан балалар енді Арыстың көшесінде емін-еркін асыр салып жүре алар ма екен?..

Мұндай жағдайда билік өте ашық болуы керек. Ештеңені жасырмауы керек. Басу айтып, сабырға шақырған жақсы, бірақ халыққа ол жеткіліксіз. Ауаның ластануына қатысты, апаттың масштабына қатысты ештеңені жасырмау керек. Шындықтан сөз бұзылмайды. Мысалы, "қирап қалған үйлер бар" десе, ондай жоқ демей, "бар, олар толық жөндеуден өтеді" десе, сәл де болса демеу. Өйткені қирап қалған үйлер шын мәнінде бар. Сондай-ақ, кез келген "жаға ұстататын" мәлімдеме мен деректі неғұрлым тез тексеріп, жауабын беріп отыру маңызды.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1110    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2019, 08:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31