Сен тұр - мен айтайын!

Шыңғыс ханның қабірін іздей бергеннен, қариялардың қадірін көтерген дұрыс ау

  • Шыңғыс ханның қабірін іздей бергеннен, қариялардың қадірін көтерген дұрыс ау

    Шыңғыс ханның қабірін іздей бергеннен, қариялардың қадірін көтерген дұрыс ау

Бізге осы Шыңғыс ханның қабірін іздей бергеннен, қариялардың қадірін көтерген дұрыс ау. Әйтпесе қатары сиреп, құны түсіп бара жатқан сияқты. Бағалайтын баласы, құрметтейтін келіні, етегін ұстап еретін немересі болмаған соң өмірге өкпемен кетті көбі. &ldquoАтамның пенсиясы&rdquo, &ldquoәжемнің тыққан-пыққаны&rdquo деген үлкен әңгіме еді ғой, бұрын. Қазір өзіміз баламызды &ldquoа-десе аузына тосып&rdquo, &ldquoб-десе бұтымызға тығып&rdquo жатырмыз. Бағасына қарамай бәрін әперіп жатқан соң, ата-әженің аз-мазына бала риза болсын ба? Чипсимен пепси ішіп, кифси мен кирешки жеп жүрген бала қарияның қалтасында сақтаған кәмпитіне қалай қанағат етсін? Кейде, балама алған сыйлықты атасының атымен беріп, қызыма таңдаған көйлекті апасының қолымен сыйлайтынымыз бар. Үнемі жасауға тұрарлық үлгі екен. Екі араны үзіп алсақ, ұлт пен ұрпаққа жасаған ең үлкен қастандығымыз сол болмақ. Қария деген тойдың басын ашуға, қойдың басын мүжуге ғана керек емес, ол қиналсаң қолшамың, адассаң бағдаршамың. Ата көрген баладан, әже көрген арудан көп жақсылық шығатынын көпшілік біледі. Қариясы бар үйден қыз қарап жүретіні де сондықтан. Алдымызға салып, алақанымызда аялайық. Бағаласақ бағаланамыз, құрметтесек құрметтелеміз. Өткенге жасағаның өзіңе келеді. Есіңде болсын, оның әжімі сенің - қазірің үшін, оның жыртығы - сенің жылтырың үшін!
Әулетке сөзі, әйелге билігі жүретін, данагөй, батагөй ақсақалдарымыз аман болсын!

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1892    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 02:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30