Сен тұр - мен айтайын!

Шынымен, арақ ішетіндер – Алланы тыңдамайтындар екені рас!

  • Шынымен, арақ ішетіндер – Алланы тыңдамайтындар екені рас!

    Шынымен, арақ ішетіндер – Алланы тыңдамайтындар екені рас!

Осы жаңа жылда бір жыл арақты аузына алмаған бір досым қайта ішіп кетті. 28-і күні бастап, кеше әрең тоқтапты. Онда да оны баласы тоқтатыпты. Арақты қойғаннан кейін есейіп қалған, үшінші класта оқитын ұлын өзімен бірге жұма күні мешітке ертіп апарып жүрген. Бір барған кезде, имам арақтың зияны туралы уағыз айтып жатыпты. Ұлы да айтқанды қағып алатын қағылез. Бұл сонда да ара-арасында баласына уағызды «тәпсірлеп» беріп, түсіндіріп отырады. Ұлы соны миына құйып алған ғой. Осы жолы әкесі тағы ішіп кеткенде, шыдай алмай қасына кеп: «Әке, арақ ішетін адам – Алланы тыңдамайтын адам. Құранда Алла Тағала «арақ ішпеңдер» деп айтқан ғой. Өткенде мешітке барғанда өзің айттың ғой соны...» - депті. Баласының аузынан мұндай сөз естимін деп ойламаса керек, жүз грамды енді аузына апара бергенде араққа шашалып қалып, ішкелі жатқан арағын «енді қайтып ішпеймін!» деп лақтырып жіберіпті. Шынымен, арақ ішетіндер – Алланы тыңдамайтындар екені рас!

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1891    Пікірлер: 0

жұма, 03.01.2020, 19:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29