Сен тұр - мен айтайын!

ШЫНЫМЕН ДЕ ТЫШҚАНШЫЛАП КЕТКЕНМІН БЕ?

  • ШЫНЫМЕН ДЕ ТЫШҚАНШЫЛАП КЕТКЕНМІН БЕ?

    ШЫНЫМЕН ДЕ ТЫШҚАНШЫЛАП КЕТКЕНМІН БЕ?

Жақында бір танысым кездесіп:


- Жазып жүрсің бе? – деп сұрады.

- Ептеп.

- Роман, повесть, әлде драма?

- Жоқ, ертегілер.

- Ой-бу-у, тышқаншылап кеткен екенсің ғой...

Иығымды қушиттым. Түсінбегенім. Сонда балаларға арнап шығарма жазатындар «тышқаншылап» кеткендер ме?

Шындыққа жүгінсек, балалар әдебиеті ең ауыр әдебиет қой. Кезінде өзің де бала болғаныңмен балалар психологиясын жете білу мүмкін емес жағдай. Олардың түсінік-танымын дөп басу тас қашаумен пара-пар дүние. Ендеше, біз неге бүлдіршін болмысына немқұрайлы қарап, сәби талғамына немкеттілік танытуға ыңғай беріп тұрамыз? Ес алғанымыздың түрі ме? Онда жетіскен екенбіз.

Негізі біздердің, ересек адамдардың, балалардан үйренеріміз көп. Әсіресе олардың айналаға көзқарасы, ақ пен қараны айыру пайымдары, адалдық пен арамдықты таразылауы қазіргі адамзат өкілдеріне таптырмайтын оқулық. Тек, қабылдай білген абзал.

Иә, бәріңізге ізгілік тіледім!


Төкен Әлжантегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1075    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31