Сен тұр - мен айтайын!

Шынында да елде ешкім қалатын түрі жоқ, қытайға жерді өз еркімізбен беруге даярлап жатқандаймыз

  • Шынында да елде ешкім қалатын түрі жоқ, қытайға жерді өз еркімізбен беруге даярлап жатқандаймыз

    Шынында да елде ешкім қалатын түрі жоқ, қытайға жерді өз еркімізбен беруге даярлап жатқандаймыз

КЕЗДЕЙСОҚ. ЕКІНШІ ӘРІ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП
Моншадамыз. Тыныстайтын бөлмеде екі жігіт жұмыс жайын сөз қылып отыр. Екеуі де спортшаң денелі, көрікті жігіттер. Сөйлеген сөздері де, өздері де адам қызыққандай. Біреуі екіншісіне Бавариядағы табысы мол жұмыс жайында қызу айтуда.
Екіншісі ол қай ел, қай жерде десе, ана жігіт "Европа ғой" дейді. Екіншісі Европаны да, Баварияны да ұқпай қалды. "Европа ше, Германия, Франция елдері бар..." - "А,а... Ие..."
"Бавария сонда ..."
Шыдай алмай сөзге араластым, "Бавария - Германияның құрамындағы аудан" - түсініктірек болу үшін "Атақты сыра шығады, БМВ автокөлігі шығарылады... Өз алдына мемлекет емес"
... Қысқасы бір жігіт екіншісін Европаға жұмысқа шақырып отыр. "Сонда бір жігіт қызымен барып үйленіпті... балалы болған екен, балдары сол елдің азаматтық мәртебесін алуға негіз болғасын елшілікке барып, 6 жылға қалдыруды өтініпті, бала өскенше... - өздері кәдімгі Шымкенттің тумалары ғой" - дейді.
Өздері Баварияның не екенін де дұрыс білмейді. Әйтеуір дақпыртқа еру. Амал жоқ, күңк ете қалдым: "6 жылға қалса, сүйегі де сонда қалады десейші, бала екібастан неміс болады..."
"Ой, аға, енді қайтеміз, елдің сыйқы мынау..." дейді.
"Оларың рас, бірақ мына апайтөс жерді кімге тастаймыз? Ит тойған жеріне деп қаңғи береміз бе?
Өзіміз осы жерден Бавария секілді жұмақ жасап алмаймыз ба?"
- "Енді 30 жыл болды ғой, жұмақ түгілі тозаққа айналып барады"
- "Жігіттер 5-ақ жылда бәрі қалпына келеді, аз қалды, бәрі өзімізге байланысты ғой. Байқасаңдар, біз, қазақтар, дайын жерге, дайын байлыққа ғана еріп жүрміз ғой. Ұрлық та, жемқорлық та сол сыйқымыздан.
Басқаға барып ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол деген бар. Германияға барғанда да бір құлдық қой, екінші сұрыпты боласыңдар - болды. Бірақ тамақтарың тойып жүреді - ата-бабамыз: ит тойған жеріне деп осыны айтқан!
2001 жылы Израйлге бардым, жері біздің Бетпақдала дерсің. Бірақ қыры да, ойы да тал мен гүлге бөгіп тұр. Тамшылатып суарып жайнатып қойған. Жердің үстінде бір ғана байлық - ебрейлер, астында сірә дым жоқ. Үстінде топырақ та жоқ, құмнан басқа. Теңіздің туф деген шөгіндісін уатып топырақ жасап, бүкіл көкөністі ағыл-тегіл өсіріп жатыр. Шынымен жұмақ жасап алған"
Үшінші бір жігіт қосыла кетті:
- Шынында да елде ешкім қалатын түрі жоқ, қытайға жерді өз еркімізбен беруге даярлап жатқандаймыз... Масқара ғой...
Жағдай осы. Жас ұрпақ аға буынға да, елге де, жерге де сенімін азайтып алғандай. 19 миллионның кемінде 1 миллионы шетел асып кетті-ау...




Көрілген: 3339    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31