Сиырды қойшы... Кәсіпкер боламын деп жанымнан айрылар жайым жоқ...
ЕНДІ НЕ ІСТЕСЕМ ЕКЕН, Ә?!.
Жаңа жылдан бастап ауылға қоныс аударсам ба деген ойым болған. Ондағы мақсат - екі сиыр сатып алып, бизнес бастау еді. Бір сиырдың сүтін отбасыма ақ қылсам, екіншісінің сүтін сатып пайдаға кенелсем деп едім. Бұл гитлерский жоспарым жүзеге аспайтын сыңайлы. Өйткені, сұрастырып көрсем, қазір ауылдарда мал жайылатын артық-ауыс жайылым да қалмапты. Бәрі жекеменшікке өтіп кетіпті. Ал қодыраңдаған қожайындар жеріне түсіп кетсе сиыр түгіл, иесін атып тастайды екен. Қой, құрысын тыныштық керек! Сиырды қойшы... Кәсіпкер боламын деп жанымнан айрылар жайым жоқ.
Енді не істесем екен, ә?!.
Думан Рамазан
Фейсбуктегі парақшасынан