Сен тұр - мен айтайын!

Содан кейін, қоқыс пакетті енемнің баласының машинасының багажына салатын болдым

  • Содан кейін, қоқыс пакетті енемнің баласының машинасының багажына салатын болдым

    Содан кейін, қоқыс пакетті енемнің баласының машинасының багажына салатын болдым

Тышқанның духиі

 

Гаражда тұрған қоқыс пакетті қоқыс жәшігіне тастайын деп машинамның багажына салып алатынмын.

 

Бір күні машинамнан жағымсыз иіс шығады ары-бері қараймын таппаймын.

 

Машинамды арнайы жуатын орталыққа апарып орындықтарының барлығын көтеріп жуғыздым, исі кетер емес.

 

Салонға себетін арнайы иіс суларды да септім.

 

Әлгі иіс, тышқанның духиына ұқсайды.

 

Тышқан қайдан келуі мүмкін деп, басым қатты.

 

Рульде отырғанда, бар ойым әлгі тышқан арқама секіріп немесе аяғыма оралып шықпаса екен деп, зәрем қалмай отыратын.

 

Азанға дейін орындықтарды кеміріп тастамаса екен деп, тышқанды ойлайтын болдым.

 

Болмаған соң, енеме айттым. Ол кісі тышқанның қақпанына шұжық қыстырып, машинаңа қойып қой деді.

 

Дүкенге барып қақпан алдым да, енем айтқандай жасадым. Ертесіне машинамды қыздырайын деп есігін ашып қалсам, рульдің астында қырынан селмиіп жатыр екен. Шұжықты тістеп, шайнапта үлгермепті.

 

Өзім тышқанды ұстауға қорқып, енеме алып беріңізші деп өтіндім.

 

Кейін түсіндім, гаражда тұрған қоқысқа тышқан кірген, содан ол машинама жайғасып алған екеееен.

 

Содан кейін, қоқыс пакетті енемнің баласының машинасының багажына салатын болдым.

 

 

 

 

Кенже Жанбуршина

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 




Көрілген: 3076    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 21:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31