Соғыс біткенмен атыс әлі жалғасуда... Бірақ...

18 қараша 2020, 10:10

Коронавирус басталғалы арасында жүріп ыстығына суығына көніп жүрміз. Кәзір коронавируспен ешкімді қорқыта алмайсың. Әлемде ауырғандар саны кунделікті 600 мыңнан асып, қайтыс болатындар саны 9000 асады, бұл көктемгі көрсеткіштен 2 есе жоғары деген жаңалыққа ешкім селт етпейді. Астана сары аймаққа еңгелі ауырғандар саны көбейіп ауруханада кәзір 50% астам төсек орындар толды. Реанимацияда дәрігерлер саны аз, жүктеме артты. 10 12 науқасқа жалғыз дәрігер. Медбикелер 8 сағаттық жеке қорғаныс киімдері ішінде 10 14 сағаттан жүр. Сол себепті әлеуметтік желіден қол үзіп қалдық. Сенімен аттас дәрігер қайтыс болды деп естіп іздеп амандығымды білген заңгер Ләззат апкеме рахмет. Бізді жұмыстан қуып құтылмаса , вирус ала қоймас. Анау жоқ, мынау жоқ деп айта бергеннен мағанда тыныштық жоқ. Бірақ мен өзіме емес халыққа үшін, дәрігерлер үшін сұрап жүрмін. Дәрігердің қайтыс болғаны рас , солтүстік аймаққа тойға ма құдалыққа барып , біргебарғандар ауырып келген . Қасындағылар шығып бұл кісі қалып кетті. Кінәлі адамдар арасындағы бірінші ел арасында вирус барын біле тұра жасаған той жасағандар, екінші жауапкершілікті сезінбей барған өзі. Әр адам өмірі санаулы, әр адам өмірі қымбат. Теледидар беттерінде сақтаныңдар деп қатты да, жайда, жылап та айтып жүрміз. Соғыс біткенмен атыс әлі жалғасуда... Бірақ...

Ғабит Нұрханұлы

Фейсбуктегі парақшасынан