Сен тұр - мен айтайын!

Сол кезде ауданда, ауылда басшылық еткендердің басында жүздеген гектар жері бар. Есесіне мал жайылатын жер қалмады...

  • Сол кезде ауданда, ауылда басшылық еткендердің басында жүздеген гектар жері бар. Есесіне мал жайылатын жер қалмады...

    Сол кезде ауданда, ауылда басшылық еткендердің басында жүздеген гектар жері бар. Есесіне мал жайылатын жер қалмады...

Сыныптас қызбен жақын араласам. Он сегіз жасында өзіміздің ауылдың жігітіне тұрмысқа шықты. Төрт баласы бар. Күндік жұмысқа шығады. Көрпе жапқыш тігіп, сатады. Қайбір жылы банка жауып сатыпты. Алшаның, гүлдің көшетін сатады. Әйтеуір бір тынбайды. "Көктемде қарызға кішкентай төрт тоқты сатып алғам. Әрқайсысын отыз мың теңгеден алдым. Соның ақшасын күндік жұмысқа шығып, сосын мақта теріп қайтардым" дейді. Жолдасының машинасы жақында өртеніп кетті. Жолдасы ауыл мен аудан орталығының арасында жолаушы тасып, шай-пұлын табатын еді. "Қиналып отыр едік. Бүгін бір апа келді. Көрпе жапқыш тігіп берші" деп екі мың теңге тастап кетті" дейді қуанып. Төрт баласына 44 мың теңге алады. Бірақ төрт баланың шығыны аз емес қой. Бір баласы студент. Бір қызы лицейде оқиды. Ай сайын қызының тамағына ақша төлейді.
"Сауып ішетін бір сиырды алып қалып, қалған малды көктемде Қазығұртқа апарып тастап, мақта терім біткесін әкелдік. Сиырларымды көргенде шошып кеттім. Арыыық. Өзің секілді ешкім қарамайды ғой. Ауылда мал жаятын жер болмаған соң, амалсыз апарып тастап едік. Бастапқыда әр сиырға қарағанына, бұзауына да 3 мың теңгеден бердік. Сосын 3500 теңгеге көтерді. Бір бұзауымыз сонда жүріп жоғалып кетті. Бала-шағамның садағасы дедім" дейді құрбым.
Жетісаймен Қазығұрттың арасы шамамен 2-2,5 сағат. Ауылда мал жайылатын жер болмаған соң, көбісі малын көктем шыға апарып тастайды.
Немере інім "Малдың шөбіне бір миллионнан аса ақша жұмсаймыз" дейді. Он сиыры, үш құлынды биесі, тайы бар. Жазымен жылқылар қолда тұрды. Қайта-қайта шөп салды. "Кеше ғана алған шөбіңнің түбі көрініп қалды ғой" десем "Жылқы бір жерде тұрған соң, қиын. Шөп жеткізе алмайсың" дейді.
Біздің Жетісайдың адамдары еңбекқор. Олар "мал асырау жылдан жылға қиын боп барады" деп қамығады.
Шөп мәселесі қиын болған соң, сиыр ұстамайтын үйлер де бар.
Біздің ауылда, жалпы Мақтаралда мал жайылатын жер жоқ, болса, аз. Топырақ жеп тұрған жылқыларды көрдім...
Кезінде Мақтарал өңірін басқарғандар аз ақшаға жерді сатып алды. Сол кезде ауданда, ауылда басшылық еткендердің басында жүздеген гектар жері бар. Есесіне мал жайылатын жер қалмады...
Ешкімнің әкесінен қалған жер жоқ.
Кезінде тиын-тебенге сатылып кеткен жерді мемлекет қайтарып, шаруалардың малына жайылымға беру керек. "Ауыл" партиясы Парламентке өтсе, осы мәселені көтеру керек.
Ауылда малсыз тіршілік ету қиын. Мал жайылатын жер болмаса, шаруа қалай сиыр асырайды?




Көрілген: 1395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.12.2020, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31