Сен тұр - мен айтайын!

Сол себепті де, ЖАЛҒЫЗБЫН... әзірге

  • Сол себепті де, ЖАЛҒЫЗБЫН... әзірге

    Сол себепті де, ЖАЛҒЫЗБЫН... әзірге

* Өткенде бір әйел маған инстада "не өзіңді өзгертуге ұмтылып жүрсің, стервасың, өзгермейсің" деп жазыпты. Күлдім де, ол адамға бақыт тіледім.

 

* Өз-өзіңді түзеуге ұмтылу, өміріңді өзгертуге тырысу, болашағыңды жарқын етуге бар күшіңді салу-АҚЫМАҚТЫҚ ЕМЕС. Керсінше, ел алдында "бақытты адамның" кейпіне еніп, бақытты көрінуге тырысу-АҚЫМАҚТЫҚ.

 

* Мәселен, қазақ үшін киелі саналатын отбасын алайық. Сіздің күйеуіңіз-әйеліңіз, бала-шағаңыз, үйіңіз-күйіңіз бар. Сырт көзге бәрі ғажап. Бұл көпшілік арасында кең тараған "бақытты отбасының" формуласы. Ал, шындығында Сіз өзіңіз бақыттысыз ба?

 

* Бізде қаншама қазақ отбасы әйтеуір отбасылы болу, ұрпақ жалғастыру, ата-ана разылығын алу, салт-дәстүрді сақтау сынды принциптермен өмір сүріп жатыр. Ортада махаббат жоқ, көңілі басқада бірақ, өзгенің сөзі мен бала-шағасы үшін шарасыз күйде сүйретіліп жүргендер қаншама (бақытсызбын деп мұң шаққан осындай әңгімені құлағым талай естіді). Бір-біріне сезімдері жоқ, оны екеуі де біледі, бірақ, ажырасу ұят. Күйеуі әйелінің бала тапқанын, әйелі күйеуінің ақша тапқанын қанағат тұтады. Ми жемейді, әркім өз шаруасымен. Екеуі де, өз рөлін қалтқысыз орындайды бірақ, сезімсіз. Бітті.

 

* Бірақ, сырт көзге бақытты отбасының образын керемет сомдайды. Кім үшін, не үшін? Сен біреу үшін емес, өзің үшін өмір сүресің ғой?! Бұл- мен сөз басында жазған қазақтың киелі саналатын отбасының үлгісі емес!

 

* Міне, осындай жалған бақыттың құрбаны болмау үшін мен бәрін қайта бастауға тырысып жүрмін.

 

* Маған ілініп-салынып жүретін күйеу керек емес, арқа сүйейтін, қорған болатын еркек керек.

 

* Ерлі-зайыптының рөлі емес, ер мен әйелдің шын сүйгені керек. Яғни, жүзік емес, жүрек керек.

 

* Үйдің үлкендігі емес, оның ішіндегі жылуы керек.

 

* Бала туу керек деп емес, саналы түрде туып, сапалы етіп тәрбилеу маңызды.

 

* Ер-азаматтың әйелді бала туатын обьект ретінде емес, тұлға ретінде сыйлауы керек.

 

* Қорлауы емес, қолдауы керек.

 

* Төмен санауы емес, қадір-қасиетіңе жетіп, бағалауы керек.

 

* Әдемілікке бас ұруы емес, ауырып-сырқап, қиын жағдайға тап болғанда қасыңнан кетпейтін, сатпайтын сенімді серік керек.

 

* Арман-мақсаттарымды тұншықтыратын емес, қолдап, бірге жетуге ұмтылатын азамат керек. Яғни, екі жарты толықтай бір бүтінге айналуы тиіс.

 

* Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі де осы деп санаймын!

 

* Сондықтан, мен сыртқа бақытты көрінуге тырысқаннан, іштей шын бақытты болудың жолын таңдадым. Сол себепті де, ЖАЛҒЫЗБЫН... әзірге.

 

 

Армангүл Тоқтамұрат

Фуйсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3403    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 14:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30