Сен тұр - мен айтайын!

Сол тоқалы құрғырыңды алмаса да, алғандай болып...

  • Сол тоқалы құрғырыңды алмаса да, алғандай болып...

    Сол тоқалы құрғырыңды алмаса да, алғандай болып...

Карантиннің кезінде барынша құнарлы тамақ іштік қой. Ем болады дегесін қойдың құйрығын да қылғыттық. Үйден шықпай, тамақ іше бергеннің "нәтижесі" көрінбей қалған жоқ. Біраз салмақ қостық.

 

Кейінірек бір ауырып қалғанда "Жедел жәрдем" шақырдық. Келген дәрігер үріп ауызға салғандай әдемі бала екен, бір сәтке ауруымды ұмытып, әйәйдің жүзіне  Ержан Тәліптің көзімен қарап жатқам. Бір кезде әлгі сұлуым келіншегіме бұрылып: "Беті іскен бе, әлде бұрыннан солай ма? - десін. Сөйтсем,  бетім де Ержан Тәліптің "мордасына" ұқсап кеткен екен ғой)))

 

Фб - базар. Базарда мың кісі болса да, әркім сүйгеніне сәлем береді. Ержанға "сәлем беретіндердің" көбі - қыз-келіншектер. Әсіресе тоқал туралы постарына үйіріле кетеді. Бір тақырыпқа сан түрлі қырынан келетін Ержанның шеберлігіне де дау жоқ.

 

"...Сол құсы құрғырыңды атпасаң да,

 

Өзіңді құс атқанға ұқсатқанға..." - дейді Төлеген ағам бір өлеңінде.

 

Ержанның постарын оқып, сол тоқалы құрғырыңды алмаса да, алғандай болып,  еркектер жағы да бір желпініп қалады)))

 

 

 

 

Бауыржан Бабажанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2449    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 18:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31