Солтүстікті қазақтандыру жұмыстарын күшейте беру керек

Солтүстікті қазақтандыру жұмыстарын күшейте беру керек

2014 жылғы Қырым оқиғасынан кейін, Қазақстан солтүстік және шығыс өңірлерді жылдам арада қазақтандыру керектігін жақсы түсінді. Себебі «Қырым сценарийі» басқа елде болмайды деуге кепілдік жоқ. Барлық құжаттарға, халықаралық талаптарға қарамастан, өркениетті дәуірде Қырым оқиғасы орын алды.
Өкінішке орай еліміздің солтүстік аумақтарында әлі күнге дейін титулды ұлттың саны 50%-ға да жетпейтін аудандар, ауылдар мен қалалар бар. Орыс және өзге де славян ұлттары өз таңдауларын жасап, жылына 30-50 мың арасында тарихи отандарына кетіп жатыр. Бұл кез келген азаматтың демократиялық құқығы және таңдауы. Ал халқы азайған солтүстік ауылдары мен аудандары қаңырап бос қалуда.
Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығындағы ең басты міндет ол солтүстікті қазақтандыруды арттыру. Осы уақытқа дейін біраз шаруа іске асты. «Серпін» бағдарламасы ашылды, сол бойынша біраз оңтүстік жастары солтүстікке барып білім алып, сол жақта тұрақтап қалғандары бар. «Еңбек» бағдарламасымен көшіп баруға да болады. Солтүстікке көшушілерге арнайы субсидиялар беріледі. Солтүстікті қазақтандыру арқылы халық пен билік бірнеше міндетті шеше алады. Олар солтүстік аймақтарымыздың қауіпсіздігі, сепаратистік қауіптің бар болса алдын алу. Тіл мәселесін реттеу мен елді-мекен аттарын қазақшалауды шешу және жұмыс орындарына тапшы мамандармен облыстарды қамтамасыз ету. Оның үстіне солтүстікке көшіп барған халқымызға мал шаруашылығымен айналысуға жақсы жағдай жасалған. Жайылым мен шабындық жер жеткілікті, су тапшылығы жоқ, шөбі шүйгін.
2050 жылға қарай оңтүстікте халқымыздың саны 6 млнға жетеді дейді сарапшылар, ал солтүстік халқы бұл көрсеткіштен 5 есе аз болмақ деген болжам бар. Бұл көрсеткіш алаңдатарлық екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан солтүстікті қазақтандыру жұмыстарын күшейте беру керек, шеттен қоныс аударатын қандастарды солтүстік аймақтарға қоныстандырып, түрлі әлеуметтік қолдауды еселеп арттыра берген дұрыс. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында біз солтүстікті барынша қазақтандыруды арттырсақ, тәуелсіздікке шынайы тарту сол болмақ. Еліміздің әр облысында қазақтың үлесі 75%-дан жоғары болса, онда Қазақстан нық сеніммен алға қадам басады.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста