Сонда әділдік қайда? Осыны депутат мырзалар көтерсеңіздер!!!
ТАБЫС САЛЫҒЫ НЕГЕ ЕКІ РЕТ ҰСТАЛАДЫ?
Мен 1 ай жұмыс істеп ақша табамын. Менің сол айлығымнан табыс салығы алынады, зейнетақы қорына 10 пайызы кетеді. Зейнетақы қорына түскен ақшаның 1 пайызын қолма-қол сол қор өзіне ұстап қалады. Оны көп адам біле де бермейді. Енді мен қордағы қаражатымды алайын десем тағы да табыс салығы ұсталынады. Сонда менен неге 2 рет табыс салығы ұсталуы керек?
Айлап, жылдап тиындап жинаған ақшаны жұлымдайтындар жеткілікті:
1. Жоғарыда айтқанымдай алдымен бас салып Зейнетақы қоры 1 пайызын ұстап қалады.
2. Одан кейін оны ИНФЛЯЦИЯ жейді.
3. Зейнетақы қоры тиімділігі белгісіз жерлерге ИНВЕСТИЦИЯ ретінде салады.
4. Енді артылғанын алып керегіңе жарата қояйын десең тағы ТАБЫС САЛЫҒЫ деп шығады.
Сонда әділдік қайда? Осыны депутат мырзалар көтерсеңіздер!!!
Әркімнің айлығынан түсетін 10 пайызды қолма-қол долларға айналдырып тып-тыныш банкке салып қойса, мұндай проблема болмас еді. Бірақ онда "әлдебіреулер" үшін пайда түспей қала ма?
Serikkazy Kokenai
Фейсбуктегі парақшасынан