Сонда Американдыққа қазақтың қызы тұрмысқа шықса ол норма ма?
Бізде трайбализммен қатар сәл пәл расизм де бар екен.
 
Мысалы былтырлары бір қара нәсілді біреуге тұрмысқа шыққан қызды көп адам боқтады. Біреулер сол үшін ұялды.
 
Неге? Қара нәсілді болғаны үшін ба?
 
Енді соны боқтағандар бүгін Әсел деген қыз үшін мақтануы мүмкін. Әселдің куйеуі де Американдық Шон Робертс деген адам ғой. Әселдің фамилиясы да Робертс.
 
Сонда Американдыққа қазақтың қызы тұрмысқа шықса ол норма ма?
 
Сосын адамдардың қызметіне қарай жағымпаздану бар.
 
Әсел Байденнің протокол басшысы болды деп мақтанамыз.
 
Егер ертең қара нәсілдіге тұрмысқа шыққан қыз қара нәсілді Американдық президенттің көмекшісі болса ше? Қытайға шыққан қыз Си Цзиньпиннің көмекшісі болса? Онымен де мақтанамыз ба?
 
Әрине кез келген қазақ бір жетістікке жетсе қуанамыз. Бірақ адамдарды қызметіне қарай бөлген дұрыс емес.
 
5 уақыт намаз оқымасақ та өзімізді мұсылман деп айтамыз. Мұсылмандықта мұсылман қыздың басқа діндегі еркекке тұрмысқа шығуына рұқсат берілмейді.
 
Ошым қызметке келгенде бәрін ұмытып кете беретін сияқтымыз ғой.
 
Өзіме өзге елдегі басшылары түгілі, осы елдегі басшылары да беш тиын екенін айта салайын.
 
 
 
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан