Сен тұр - мен айтайын!

Сонда ғана сен өзіңнің өмір сүру ережелеріңді өзің ғана жасай аласың

  • Сонда ғана сен өзіңнің өмір сүру ережелеріңді өзің ғана жасай аласың

    Сонда ғана сен өзіңнің өмір сүру ережелеріңді өзің ғана жасай аласың

Мен интернатта 5-класта оқып жүргенімде тәрбиеші тәтеміз бізге әдемілік жәйлі көп әңгіме айтты.
Сол тәтеміз сұлулықтың белгісі "бота көз және ұзын кірпік" - деді.
Осы сөздер қыздарға қатты әсер етті.
Сол күннен ең пысық қыздар бәрімізді жинап, "ең сұлу қыз кім?" - дегендей конкурс өткізді.

Бірінші бота көздер іріктелді. Содан кейін кірпіктердің ұзындығы өлшенді. Өлшегенде светтің жарығына қарсы тұрып қабырғаға кірпіктің көлеңкесін түсіру керек. Сол көлеңкені линейкамен өлшеу керек. Ол өте күрделі процесс. Осыны ойлап тапқан қыз да қандай айлалы еді деймін қазір.
Конкурс өте қызықты өтті. Қыздар күлді те, жылады да ... тіпті бұрын ең сұлу деп саналатын Мариям жюриді "өтірікшілер"- деп шу көтерді...
Ұмытқан жоқпын. Сұлулық конкурсының бірінші орынын Фарида алды. Ең соңғы орынды мен алдым.
Расын айтса мен оған қатты қайғырған жоқпын. Өзімнің сұлу емес екеніме баяғыда-ақ көнгенмін. Какой там сұлу, тіпті титтей болса да әдемі емес екеніме де әбден сеніп кеткенмін.
Өйткені алдымдағы екі әпкем, шешем маған үнемі сондай характеристика беретін-ді. Мәселен , менің шашым өте-өте қалың болды. Соны тарай алмайтынмын. Содан кішкене кезімде шешем шашымды тараған сайын -" шашыңнан басқа түгің жоқ"-деп нұқып отыратын.
Ал әпкелерім мені үнемі - "майбөшке" - дейтін. "Неге майбөшкемін?" - дегеніме олар мың дәлел айтатын.
Иә, сол күннен кейін бөлмеде үнемі кеш сайын сұлулық конкурсы өтетін болды . Бірінші, екінші, үшінші орындар күнде өзгеріп тұрды, бірақ менің соңғы орным бір де бір рет өзгермеді...
Менің мінезім сол кезде қалыптасқан сияқты. Яғни сол конкурстан кейін бе, әлде одан кейін бе мен өмірімдегі бар сәттіліктер мен сәтсіздіктерді еш таласпай қабылдай бердім.
Мен ешқашан еш орын үшін күрескен емеспін. Орын үшін де, атақ үшін де, табыс үшін де, пайда үшін де...
Содан ба мен еш конкуренцияға түспедім. Және қызғаныш, іштарлық дегенді де ешқашан ішіме кіргізбедім.
"Неге мынау озып кетті? Неге мынау жеңіп кетті? Неге мынау жақсы жігітке ие болды? Неге байып кетті? ..."- дегендей мәселелерге басымды қатыруға уақытым да, күшім де жетпейтін еді.
Бар айтатыным - "Значит я ещё не заслужила!"- деген сөздер болатын...
Бір сөзім де өтірік емес..
Менің ұққаным . Жүректе арман көп болуы керек. Қиял көп болуы керек.
Сонымен қатар шындықты қабылдай алу керек.
Бастысы - жүрегіңде шындық болуы керек.
Сонда ғана сен өзіңнің өмір сүру ережелеріңді өзің ғана жасай аласың, өзгерте аласың, таңдай аласың.
Мені армандар алға жетеледі.
Мені шындық құлатпады.


Айгүл Асылбекова-Нөкербаева
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1328    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31