Сен тұр - мен айтайын!

Сонда қазақ қызды шетелдік құда мен күйеуге тарату үшін мәпелеп жатқаны ма?.

  • Сонда қазақ қызды шетелдік құда мен күйеуге тарату үшін мәпелеп жатқаны ма?.

    Сонда қазақ қызды шетелдік құда мен күйеуге тарату үшін мәпелеп жатқаны ма?.

КЕЗДЕЙСОҚ. БІРІНШІ ӘРІ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП
Бүгін бір ұлтшыл інішектің әңгімесін тыңдап, кеуде алай-дүлей болды. Төрт қыз, екі ұлдың әкесі. Тұңғыш қызы АҚШтан хабарласып, құдалар баратынын айтыпты... Болашақ құдалар бір азиялық елден екен. Қытай емес. Бәрібір ғой.
Әкесі шошып кетіп, "Ондайыңды қой, ондай құданы қарсы алмаймын" десе қызы, болашақ құдағайы - қазақ, қарағандылық екенін қуана жеткізіпті.
Содан сылқ ете қалыпты інішек. Қайтсін, туған қызынан бас тарта ма?!.
Сонымен қысқасы құдалар келе жатыр.
Інішектің әңгіме ауаны мен сезімкүйіне қарағанда ол өз ісіне ырза көрінді. Ол да жөн болар, ауылдан шыққан азаматтың қыздарын осынша тәрбиелеп, шетелге оқытуы көп емес болар, бірақ кәзір шетелге кету мен оқу соншалықты қиын да емес қой.Құндылықтың күл-паршасы шығып жатқан жоқ па? деп сұрағым келді... Кеудесін гүл базары жайлаған інішекті қинауға дәт бармады. Бірақ орта таптың өкілдері осылай бола берсек не болар екенбіз?
Одан басқа інішектің тағы екі қызы екі бөлек шетелде. Тағы кімдердің құда болып Қазақстанға келерін болжай беріңіз...
Осылайша, мектепті беске бітіріп, "Болашақтатып" кеткен қыздар еларалық әлемдік жиендер қауымын көбейте бастады.
Ал елде қалатын екі ұл қазақты көбейте ала ма?..
Мәпелеген қыздар осылай мұқиттың арғы бетінен құдаларды кезекке тұрғызып жатса, бұл елдің сыйқы не болмақ?
Сонда қазақ қызды шетелдік құда мен күйеуге тарату үшін мәпелеп жатқаны ма?..
"Ой, Секе, қайдағыны айтады екенсің, олар бірен-саран ғой" дерсіз. Меніңше шетке кеткен ибалы, "атлишинатсалардың" қайтадан Қазақияға келіп, қазақ баласына тиетіні қанша пайыз екен? Майбалақ, пысықай емес, ағылшынша білмейтін, қазақ бала, енді талғамы тарғыл тартқан қызға шақ болар ма екен? Шеттегі қыздардың кемінде 50-60 пайызы сол жақтан жиендерді топырлатып қала береді-ау.
Сонда кім ұтты? Жаны мен білімін берген Қазақстан ба, әлде тағдыры не болары белгісіз қызын шетке ұзатқан қазақ әке-шеше ме?
Жиған-тергенің ұрлықпен тоналғаны өз алдына, енді жаныңды осылай тонатып жатқан жоқсың ба, Қазеке?!




Көрілген: 1890    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 01:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31