Сен тұр - мен айтайын!

Сонда кім өтірікші?

  • Мөлдір Еркінқызы,

    Мөлдір Еркінқызы,

Сағат кешкi сегiзден асқан. Бағдаршамда тұрмын. Жаныма өзiм қатарлы жiгiт келіп: «Кешiрiңiз, портмоне-документтерiмдi жоғалтып алдым, 200 теңге бере аласыз ба?» дейді. Шошып кеттiм. 

Сәлемдескен жоқ, оның үстiне жiгiт басымен ақша сұрап тұр... Неге екенiн бiлмеймін, жаман ой бiрiншi келедi ғой. Намыссыз бiреу ғой, араққа сұрап тұр деп ойладым.

- Бiлмеймiн... менде артық ақша... жоқ қой дейм... (Қолымды қалтама салып жатып, үстi-басына қарағам, дұрыс киiнген сияқты). Қайда бару керек едiңiз?

Мекен-жайды айтты. "Қазiр маған көлiк келеді, жеткiзiп салайық" дедiм.

- Рақмет сiзге, - деп қуанып кеттi. Есесiне, мен сасып қалдым. Рас айтып тұр екен ғой, масқара-ай!

"Жай тексеру үшiн айта салғам, көлiк келмейді, мәңiз, - дедiм бiр уыс тиынды ұсынып. - Құжаттарыңыз табылсын ендi".

Түсiнбей қалыпты. Жаман ұялдым. Өтiрiкшiге санап тұрған адамның алдында өзiм өтiрiк соғып жiбергенiме. Ақшаны қолына ұстатар-ұстатпас жолдың ар жағына тез-тез өтiп, аялдамаға қарай "тайдым"...

Мөлдір Еркінқызы,

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2115    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.01.2015, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31