Сен тұр - мен айтайын!

Сонда олар 63 жасқа дейін сүйретіліп жүре ме?

  • Сонда олар 63 жасқа дейін сүйретіліп жүре ме?

    Сонда олар 63 жасқа дейін сүйретіліп жүре ме?

Келіншек огородындағы шөпті шауып, өртеп жатыр екен. Жылы жымиып амандасты. Жаңадан көшіп келген көршіміз. Еңбекқор. Үйін, үйінің айналасын тап-тұйнақтай етіп қойған.
- Аяғымның варикозы бар. Екіқабат кезде, босанатын күнім жақындағанда ақша керек боп күндік жұмысқа шығып едім. Күндік жұмыс ауыр ғой. Содан ба, білмеймін варикозым қатты шығып кетті. Жолдасым мектеп бітірген күннен, он жеті жасынан бастап құрылыста істеп жатыр. Сол кезде жұмыс шықпай үйде отырып қалды. Әйтпесе күйеуім бір тынбайды, - деді. Онысы рас. Жолдасын қашан көрсем, жұмыс істеп жатады.
- Дәрігерге көріндің бе?
- Иә. Дәрігер мазь жазып берген. Сол мазды алып жақтым. Әсері болмады.
Келіншектің жасы жиырма бесте екен. Төртіншісіне аяғы ауыр. Жақсы дәрігерге көрініп, аяғын емдетпесе, асқынған үстіне асқынатыны анық.
Бөлемнің әйелінің жасы 49-да. Варикоздан азап шегіп, аяғын әзер басады. Операция жасатқан. "Операциясы сәтті болды, аяғы жақсы екен" деп еді. Жылдар өткен соң қайта варикозы асқынған. Тиіп тұрған мектептегі жұмысына жетуінің өзі қиын екен. Балалары машинамен апарады.
Қазақстанда варикоздан, басқа аурудан азап шегіп, аяғынан жүре алмай қалған, денсаулығы жоқ қаншама әйел бар. Сонда олар 63 жасқа дейін сүйретіліп жүре ме? Әйелдердің зейнет жасын 55-ке түсіру керек!!!




Көрілген: 7223    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 01:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31