Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не?
Шынайы махаббатқа тек əйелдер қауымы сенеді. (Еркектердің идеологиясы) Ал, бізде сол баяғы сасық кеуде, керме көкірек. Мен де сондай едім. Жанболат деген жігітпен танысқалы бұл ойым 180 градусқа өзгерді. Неге дейсіздер ме? Себебі Жанболат сүйгені үшін соңғысын беретін бала. Біраз жыл бұрын бұл жігіттің жүріп жүрген сұлуы Фариза жол көлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалған еді. 7 күн "комада" болған Фаризаның айығып кететініне ешкім де сенбепті. Тек Жанболаттың жүрегінде ғана жалыны сөніп бара жатқан үкілі үміт қалған. Досымның тілегі Аллаға жетіп, Фариза өмірге қайта оралды. 5 мəрте ота жасалса да, Фариза Жанболатты 3 ай бойы танымапты. Оған да мойымаған досым қызметін тастап, ауруханада түнеді. Мойындау керек, сынақта сынбады, Фариза ауырса құлады, бірге жылады. (ШЫН АЙТАМЫН. ӨЗІМ КӨРДІМ). Міне, содан бері Жанболат пен Фаризаның жұбы жазылмай келе жатыр. Өткен жылы заңды некеге тұрып, той жасады. Айбар есімді ұлдары бар.
Əууууу, жігіттер! Мойындайықшы, біз де үйдегі катынымызды сүйеміз (тек айтпаймыз). Бəріміз шынына келгенде жақсымыз. Тек үйде жақсы екенімізді көрсетуден арланамыз. "Ойбай подкаблук емеспін" деп намыстанып қоямыз. Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не? Жоқ! Əйелді сабау немесе оған себепсіз дауыс көтеру -- Вот намыссыздық деген. Бізді құртатын өзімшілдік. Əйеліміз ауырса, далаға қашамыз. Дəрі алатын ақшаны далаға шашамыз. Постаянно бір "косяк" істеп жүреміз. Осы КОСЯЧТЕТПЕЙ жүріп көрсек қалай болады екен өзі а...? Бір апта ШЫДАП көрейік. Жаман болмаспыз. Жаман болып кетсең МЕНІҢ БЕТІМЕ ТҮКІРІП КЕТ!
Жан Ахмадиев
Фейсбуктегі парақшасынан