Сен тұр - мен айтайын!

Сондықтан бай болуға тырысу қажет

  • Сондықтан бай болуға тырысу қажет

    Сондықтан бай болуға тырысу қажет

Саида Мирзиеева. Өзбекстан президентінің қызы. Маған бір жазбасы ұнады.
Тұрмысқа шыққаннан кейін жаңа отбасында лағман істеп, келін ретінде ролін атқарған. Бәрін шешем үйреткендей дұрыс істеп тұз қосуды ұмытып кеттім дейді. Бірақ келіннің бұл кемшілігін ешкім назарға алмай, 5 минутта ата-енесі, абысындары, күйеуінен бастап бәрі түгел жеп қойған. Керемет қой. Лағманын мақтап, әдемі сөздер де жаудырған. Енді ше?! Жемей көр республиканы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған адамның қызы пісірген лағманды!
Ал келін қарапайым отбасының қызы болса ше? Біраз сын айтылатын еді. Енесі ұрсуы да мүмкін. Жаңа түскен келін тамақ істей алмайды деген әңгіме де тарайды. Күйеуі біраз күңкілдеуі мүмкін. Сын көп қой кедейге тағылар. Ал сен попробуй байлығы мен билігі тасыған адамның қызына күңкілдеп көр)
Ұзын сөздің қысқасы кедей, билігі жоқ адамның артынан сөз көп ереді. Сондықтан бай болуға тырысу қажет. Бай болсаң бетіңе ешкім сөйлей алмайды. "Ертең күнім түсіп қалар" деп анша-мұнша туысыңның бәрі алдыңда елпектеп тұрады. Кемшілігіңді байқамайды. Ұнатпаса да мінезін ішіне жиып қойып сені мақтайды. Бұл реализм.
Ақшаң көп не билігің болып тұрып сөз айтсаң өтімді болады. Дымың жоқ болса "Өзіңе қарап ал" дейді. Америкада "Ақылды болсаң неге бай емессің?" дейді.
Мұның бәрі реализм! Бұл капитализм!




Көрілген: 2460    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 12:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31