Сен тұр - мен айтайын!

Соңғы кездері өзінікі дұрыс емес болса да, кінәні өзгеге жауып, шу көтеретіндер көбейген

  • Соңғы кездері өзінікі дұрыс емес болса да, кінәні өзгеге жауып, шу көтеретіндер көбейген

    Соңғы кездері өзінікі дұрыс емес болса да, кінәні өзгеге жауып, шу көтеретіндер көбейген

Өткенде Астанада таксист бір жолаушыны Атырауға апарып келгенін айтты. "Екі шопыр кезектесіп айдап, бір күнде жеткіздік. 1000 доллар төледі", – деді. Сонша ақшаға Атырауға бірнеше рет ұшып барып келуге болар еді ғой, неге сондай қадамға барғанын сұрадық. "Шетелдік қой. Паспорты ма, визасы ма дұрыс болмай, ұшаққа міне алмады", – деді. Иә, құжатың дұрыс болмаса, жоқ болса, қандай жағдай болса да, ұшаққа міне алмайсың. Тіпті құжатыңды сол сәтте жоғалтып алсаң да. Тәртіп, заң баршаға ортақ.

Шымкенттегі жағдайға байланысты кейбіреулер "төрт баласы бар екенін көріп тұр, жібере салса не болады екен?" деп жатыр. Біреулер, тіпті, ол әйелдің танымал адам екенін айтыпты. Танымал болса ше?! Танымал адамдар үшін басқа заң бар ма? Талап пен тәртіп бәрімізге ортақ. Әуе компаниясының қызметкері құжаты жоқ баланы тіркей алмайды, тіркемеуі тиіс. Ал соған бола шу көтеріп, онымен қоймай қызметкерге қол жұмсау ДҰРЫС ЕМЕС. Иә, төрт баламен жол жүру оңай емес. Олардың психологиялық, филиологиялық ерекшелігі де әртүрлі. Бірақ біз неге өшімізді басқалардан алуымыз керек? Көзі ашық адам, әуе компаниясына хабарласып, билетті ауыстыруға, жағдайды түсіндіріп айтуға не кедергі болды?

Соңғы кездері өзінікі дұрыс емес болса да, заңға сыймайтын болса да, кінәні өзгеге жауып, шу көтеретіндер көбейгенін байқап жүрмін. Өткенде де жүргізуші куәлігін ұмытып кеткен бір әйел жол сақшыларын айыптады. Егер құжатымыз дұрыс болса, тәртіп бұзбасақ, ештеңе де болмайды. Өзіміздің де жанымыз тыныш, өзгенің жүйкесіне де салмақ салмаймыз.


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 11:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30