Сен тұр - мен айтайын!

Соңғы ширек ғасырда той тойлаймыз деп жүріп, талай нәрседен құр қалдық

  • Соңғы ширек ғасырда той тойлаймыз деп жүріп, талай нәрседен құр қалдық

    Соңғы ширек ғасырда той тойлаймыз деп жүріп, талай нәрседен құр қалдық

Той-қазына еді, бірақ ол заман өтіп кетті.


Еміс-еміс еске түседі... Аталарымыз айтып отыратын. Әңгімелері біздің бала күнімізде деп басталатын... Аппақ сақалдары омырауын жапқан, шапандары жер сүзген жарықтықтар-ай... Сақалы да шағын және ең жасы менің атам 1904 жылғы еді. Басқа қариялар мың сегіз жүз бәленбайыншы жылғылар-тын. Ол кісілердің бала күнін ойлай беріңіз. Ғасырдан асты. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан. Одан бері қазақ мың құбылып, жүз өзгерді. Қазақылық барда, ұлттық болмыс бұзылмай тұрғанда той-қазына болған.

Аталарымыз тойда көрген үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін, өсиет-мирасын айтатын. Тойда танылған балуанды, мергенді, шешенді, шабандоз-көкпаршыны, әншіні, жалпы елден ерек, өзгеше өнерліні еске түсіріп, таңданып, тамсанып отыратын. Бәйгеден келген жүйрікті, топ алдындағы балуанды суреттегендерін есіме түсірсем, пай-пай шіркін, қазақ неткен сөзге бай еді деп ойлаймын.

Керек десеңіз. игі-жақсының бас қосқанында телі мен тентекті тиып, мәселе шешіп, ел ішіндегі түйінді тарқатып, араздар татуласып, қырғи қабақ достасып кете баратын болыпты-ау. Міне, тойдың қазыналығы. Ал қазіргі той ше? Не мән, не мағына жоқ. Той - қазына деп ділмарсып сөйлейді келіп... Тойдың қазыналығы тек тілде ғана, ділде жоқ. Мән-мағына болмаған соң, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге де жоқ. Болмайтын бәсеке, пайдасыз бақталастық, жалған мадақ, өтірік мақтан. Даңғыр-дұңғыр, у да шу. Бүгінгі той ойсыздыққа әкелді. Ой да жоқ, уайым да жоқ тойлай берсең... Бабаларымыз ретімен, жөнімен ғана тойлаған. Соңғы ширек ғасырда той тойлаймыз деп жүріп, талай нәрседен құрғалдық. Талай дүниені өткізіп жібердік. "Қазақ тойға айналғанда, қасқыр қойға айналдының" кері болды. Рас қой.


Еділ Анықбай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1480    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 13:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31