SOS, SOS, SOS - Әр балаға үкімет бөлетін ақшаны мына пысықайлар пайдаланып отыр...

24 ақпан 2022, 11:30

SOS, SOS, SOS

Соңғы кезде жергілікті үйірмелердің барлығы тегін болып жатыр ғой. Осыдан кейін-ақ үйірмелер қаптап кетті. Тіпті тойханалардың өзінен үйірмелер ашылғанын көз көрді. Осы мүмкіндікті пайдаланайын деп, мен де балаларымды үйірмеге бере қояйын деп барсам, сіз тіркелгенсіз деп тұр. Содан салып ұрып, техникалық қызмет көрсету арқылы сұрасақ, олар қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сол түсіндіргені бойынша қарасақ, менің балаларымды менің және зайыбымның ИИН-імен төмендегі пысықайлар өздері тіркеп алыпты. Менің атымнан өтірік пошта ашқан, ал зайыбымның электронды поштасынан өзгелер кіріп, менің қызымды тіркепті. Бұлай болмайды ғой. Әр балаға жан басына қаржыландыру бойынша үкімет ақша бөлетіні айдан анық. Енді сол ақшаны мына пысықайлар ауадан жасап, пайдаланып отыр ғой. Менің балаларым бұл үйірмелерге аттап басқан емес. Қайда орналасқанын білмейді де. Біз де білмей отырмыз. Осыларды қандай құзырлы орган анықтайды? Тегтеп жіберсеңіздер. Репост құпталады.

       

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан