Сен тұр - мен айтайын!

Соткасы шошаңдаған албастылар видеоға түсіріп алып, атымды алты алашқа əйгілі ете салуы мүмкін

  • Соткасы шошаңдаған албастылар видеоға түсіріп алып, атымды алты алашқа əйгілі ете салуы мүмкін

    Соткасы шошаңдаған албастылар видеоға түсіріп алып, атымды алты алашқа əйгілі ете салуы мүмкін

Кейде той -пойға барғанда тəпішкемді шешіп тастап, тойхананың көптен бері қағылмаған паласының шаңын шығарып, билеп қайтқым келеді.

Десе де əлі тəпішке шеше қойған жоқпын. Сөйте қойсам, соткасы шошаңдаған албастылар видеоға түсіріп алып, атымды алты алашқа əйгілі ете салуы мүмкін.

Сосын дастарханға қойылған тағамдарды да, жеуге қорқып отырамыз.

Аузымызға бір нəрсе апаратын болсақ, жан-жағымызға алақтап бір қарап алатын болдық .

Құдай-ай тойхананың жарығы бес минутқа өшіп қалса ғой – деп тілейсің тəбетің қатты тартқанда.

Тағамды жеу үшін аузымызды жəəəй ашып, асықпай шайнаймын . Сызылғаным соншалықты шанышқымен шұқыланып қаламынымды қайтерсіз?

Бұралақтап отырсаң, ютуб пен фейсбукқа шығып, өңшең білермандардың талқысына түсуің ғажап емес.

Өздері жемейтіндей, билемейтіндей жазғырады келіп.

Ұятсыз, арсыз, осыны да қазақ - деп айта ма?

Оңбаған ұятсыз екен-деп сені анооооооу жақа апарып тастайды.

Ол жақа барғасын қайту қиын.

Адам тойға той иесінің қызықшылығына ортақтасу ушін, көңіл көтеру үшін барады емес пе?

Өлімге келген адамдай тымырайып отырсаң кімге жағасың?

Құдалық болатын кезде де, қандай қызықшылық болса да, көбісіміз туыстар арасындағы іше алатындар мен ішкізе алатындарды, келген қонақтардың көңілін көтеріп, билете алатындарды таңдайтынымыз өтірік емес қой.

Ондай болса, олардың той үстіндегі əрекетін жерден жеті қоян тапқандай несіне желіге жүктейміз?


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2039    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.10.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30