Сөйтсе, кәрі текелер ұрғашыларын қорып, жастарды оларға жолатпай жүрген екен
Бір жерде тауешкінің өсімі азайып кетіпті. Қызыл кітапқа кіргізіп, барынша қорып баққанымен не өспей, не өнбей қояды да, саны барған сайын азая береді.
 
Содан бір күні ұзақ уақыт аңға шықпай отырып қалған ауылдың бір аңшысы шыдай алмай, төрт-бесеуін барып атып алыпты. Тауешкінің санын көбейте алмай жатқандар у-шу болып, аңшы байқұсты «браконьер» деп соттап жібере жаздайды.
 
Бір қызығы, дәл сол оқиғадан кейін тауешкілер жиі төлдеп, аз уақытта  сай-сайдың бәрін төлге толтырып жібереді.
 
Сөйтсе, кәрі текелер ұрғашыларын қорып, жастарды оларға жолатпай жүрген екен.
 
Не өздеріне бұйыртпай, не жастарға бұйыртпай, содан өсіп-өнбей, бір жерде тоқырап тұра берген ғой.
 
Әлгі аңшы дәл сол кәрі текелерді атып алып, іркіліп, борсып ақпай тұрған судың арнасын абайсызда ашып жібергендей болыпты ғой, жүз жасағыр жарықтық!
 
 
 
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан