Сөйтсем, аппақ сақалды қария дегенім бетіне маска тағып алған жас келіншек екен...

27 шілде 2021, 12:32

ЖОЛ БЕРУ
Көлігіммен келе жатсам, үлкен көшенің қиылысындағы бағдаршам жұмыс істемей тұр. Жол менікі. Мен негізгі үлкен көшеде келе жатырмын. Тоқтамай-ақ өте беруіме болады.
Жақындап қалғанда көзімнің қиығымен байқап қалдым. Үлкен көшені қиып өте алмай тұрған көліктің рулінде аппақ сақалды қария отыр. Күмістей аппақ сақалы алыстан бірден көзіме түсті. «Кім жол берер екен?» дегендей көлігімен алға қарай ентелеп-ентелеп қояды.
Үлкенді сыйлаған халық емеспіз бе? Бірден тоқтап жол бердім.
Тура алдымнан кесіп өтіп қолын көтеріп, ризашылығын білдіріп кетті.
Сөйтсем, аппақ сақалды қария дегенім бетіне маска тағып алған жас келіншек екен... Риза болып кетіп барады...