Сөйтсем, "мода" екен

30 қыркүйек 2021, 12:34

Бүгін плиссированная юбка, бомбер, колготкидің үстіне қысқа носки, кроссовки киіп алған жас қыз көрдім. Құрбыларымен, ойдың үстінде, еш қысылмастан, аяқтарын сенімді басып келе жатты..
Осыдан бірнеше жыл бұрын жиен сіңлілерім келді. Мегаға бардық шүбырып. Мектеп оқитын қызға L размерлі куртка алып жатыр. Кіші размері жоқ па, десем, күледі жамырап, оверсайз, деп. Ааа, дедім.
Осыдан жеті жыл бұрын. Достарымызбен кездесіп, кафеге бардық. Бір әнші жігіт кроссовки киіпті де, носки киюді "ұмытып кетіпті". Әлде жуған носкиі кеппей қалды ма екен?- деп ойлап үлгердім. Сөйтсем, "мода" екен. Кейін өзіміз де солай киетін болдық, тіпті, носки кию ұят саналатын болды.
Ұлым бастауыш кластарда ғой, қара носкиді созып тізесіне жеткізіп киіп алатын. Олай киюге болмайды, дегенімді тыңдамайтын. Қазір сол бала қысқа шалбармен тобығы көрінетіндей қып түрлі-түсті ұзын гетры киетін болды. Оған да көз үйренді.
Дегенмен, қазіргі жастар батыл. Еркін киінеді. Жалтақтамайды. Біз де үйрендік соған.
Жалтақтамаса, жалтақтамасын...

Фейсбуктегі парақшасынан