Сен тұр - мен айтайын!

Сөз - деген атом бомбасынан да мықты қару

  • Сөз - деген атом бомбасынан да мықты қару

    Сөз - деген атом бомбасынан да мықты қару

Сөз - деген атом бомбасынан да мықты қару. Екі оқиғаға куә болдым.
2002 жылы бір туысқаным Алматыға дәрігерге көрінуге келіп: "Сенің үйіңде бір қонайыншы" деп сұранды. Келді. Дәрігеріне барды. Кешке сұп-сұр болып келді. Сұрастырсам, дәрігер "басыңда ісік бар, 1 айдан соң өлесің" депті. Түні бойы жылап арақ ішті. "Өлгім келмейді" деген сөзі әлі құлағымда. Таңертең ауылына қайтты, 2-3 айдан соң қайтыс болды.
Бір жақын туысқанымызға онкология деген диагноз қойып, химиядан химия, дәрігерден дәрігер дегендей. Әбден қажыды. Бірақ беріспеді. Бекет Атадан бастап, Ырғызбай Атаға дейін барды. Израиль мен Қытайға дейін емделді. Біз "әні өледі, міне өледі" деп өрік-мейіз бен соятын малды да дайындап қойдық. Өлмеді. Аман-қалды.
Қазір екеуінің де бейнесін есіме түсіріп, айтқан сөздері мен көңіл-күйлерін еске түсірсем, қайтыс болған туысқаным дәрігердің бір сөзіне сынып кеткенін түсінемін. "Өлесің" деген сөзді - "Өлемін" деп қабылдап, миына информацияны енгізіп тастады. Нәтижесінде расымен кетті. Ал екінші туысқаным, мінезі жындылау еді: "Әкесінің ауызы, өлмеймін #ля!!" деп қалжыңдайтын. Сондай кезде не күлерімізді, не жыларымызды білмей қалатын едік.
Жалпы сөзді аз сөйлеу керек сияқты. Аз сөйлесең - проблемаң да аз болады. Көзім жетіп жұр ... "Үндемеген үйдей пәледен құтылады", "Басқа пәле тілден" деген сөздер бекер емес. Өмірде ойланып сөйлеу керек екенін, өсее келе түсінесің бе, әйтеуір сондай бірдеңе болып жүрмін ...




Көрілген: 4075    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.08.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31