Срочно жақсы күйеу табудың бір ғана жолы бар

15 мамыр 2022, 23:15

Қыздар отыздан асып, қырыққа таяп күйеуге шығудың реті болмай жүрсе, срочно жақсы күйеу табудың бір ғана жолы бар. Ол – хиджап киіп, мәйім сөйлеп, түлкі болу.

 

Хиджаптағы қыз-автоматты түрде періште болып көрінеді жігіттерге. Күйеуге тиіп алған соң, хиджапты шешіп тастасаң да жақсы жігіт қуып жібермейді.

 

“Мықты жігіттер” өзінен төмен тұратын, интеллектісі төмендеу қыздармен өзін жайлы сезінеді екен. Бір жақсы досым небір білімді іскер қыздармен араласып жүріп, намазхан қызбен таныса салып, бірден құда түсіп үйленгелі жатыр.

 

Бұдан бұрынғы қыздардың бірінің-қызметі, екіншісінің-ақшасы, үшіншісінің-көлік айдағаны, боянғаны, білімділігі ұнамай қала беретін оған. Енді еш жұмыс істемейтін, хоббиі да жоқ,  табыс тауып, өзін-өзі асырауға ұмтылмай туыстарының мойнында отырған қызды таңдады.

 

Жігіт осал жігіт емес, негізі. Сымбатты, адамгершілігі мол, табысты-бизнесмен жігіт.

 

Қатты ойланып қалдым.

 

(Тұрмысқа шыға алмай жүрген жоқпын.)

 

 

 

Меруерт Алтынбек

Фейсбуктегі парақшасынан