СУ САЯСАТЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРС РЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ӨЗІ ҚОЛҒА АЛУЫ ТИІС

24 ақпан 2022, 07:56

ЖАҢА ҮКІМЕТ НАЗАРЫНА!
ЕНДІ СУ САЯСАТЫНДА КӨЛТЕККЕ ЖОЛ ЖОҚ. СУ САЯСАТЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРС РЕТІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ Қ-Ж.ТОҚАЕВ ӨЗІ ҚОЛҒА АЛУЫ ТИІС.
Судың мәселесі, дарияның мәселесі қанша айтылса да, Еліміздің Су саясатын күшейтпейінше, түк шықпайды. ӘЛІМСАҚТАН АРҚЫРАП АҚҚАН СЫР СУЫ Қазір Әмударияның кейпін киюге жақын.
Бар мәселе әсіресе Өзбекстанның ортақ суды пайдаланудағы өктемдігінде. Олар өздерінің БАҚ беттерінде Өзбекстанның Суға зәру екенін үзбей жариялап отырады. Шетел басылымдарына да "Суы жоқ, қақсыған ел " ретінде танылып отыр. Су бағытында құрылған үкіметтік емес ұйымдары (НПО) тек шетел гранттарымен жұмыс істеп, шар-тарапқа Өзбекстанның су тапшылығынан зардап шегіп отырғанын насихаттайды.
Әлемнің Су тақсіретін тартып отырған 164 елдің ішінде Өзбекстан ең су жағдайы мүшкіл 25 елдің бірі боп саналады. "Аянышты". Солай бола тұра арқыраған Сырдың бастауынан қалағанынша, қажетті суынан да артық көлем алып отырған ел.
Сөйтіп Өзбекстан Республикасы 2013 жылы Азиатско-Тихоокеанский водный саммитке қатысып, су тапшылығын аса қатты сезініп отырған елдердің қатарынан тағы бір көрініп, су қауіпсіздігі ахуалын анықтайтын 5 компоненттің санатына кіріп алды.
Бұл деген сөз суға зәру елдердің су қауіпсіздігі сол 5 компонент бойынша қорғалатын болады.
1. Үй шаруашылығына қажетті су - аяқ су.
2. Экономикаға қажетті Судың қауіпсіздігі
( агро сала, мал ш/ш, өндіріс орындары)
3. Қалаларды сумен қамту қауіпсіздігі
(Халықтың тұтынатын суы, еллі-мекендердің су жүйелері)
4. Эко жүйеге қажетті Судың қауіпсіздігі (табиғи су балансын сақтау)
5. Судан келетін табиғи және техногенді апаттардға төтеп беру.
Міне Өзбекстанның Су саясаты. Бұл 5 бағытын сараласақ, өзағамызда трансшекаралық Су деген ұғым жоқ сияқты. Соған қарағанда, Сырдарияны өздерінше меншіктеп алғанға ұқсайды.
Суды басқарудың осы 5 бағыттын анықтап, белгілеп алған Өзбекстан Су ресурстарын басқаруды ҰЛТТЫҚ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ деңгейіне көтеріп алды.
Сосын олар Комитет деңгейінде бозда ойнағандай боп жүрген қазақ сушыларын менсінсін бе?
Өзбектер барлық Суға қатысты тірліктерін әлемнің топ жарған ұйымдарының қолдауымен, атақты әлемдік ұйымдардың халықаралық самиттеріне қатысып, мәселелерін кешенді қолға алып отыр. Суға белшесінен батып отырса да, Суды Ұлттық қауіпсіздік деңгейде қорғап, бүгінгі 32 млн, болашақтағы 40 млн халқының ауыз СУын да, аяқ суын да шешіп қойды. Жалпы Су рестурарын одан сайын байытып, ұрпағына Су қорын жинап алып отырған өркенді Ел.
Сөйтіп олар 2030 жылдары Өзбекстан халқының саны 40 млнға баратынын алдын ала ескеріп, Су ресурстарын дайындап алып жатыр. Оны Қазақ Елі білмей отырған жоқ.
Апыр-ай, қазақ сонда да бейқам. Қырғыз бен өзбекке халықаралық деңгейде қабақ танытудың орнына, жалынышты боп, мөнтеңдегеніне 30 жыл.
Солай бола тұра Аралдың қасіретін қазақ емес, өзбек тартып отырғандай даңғыраларының дауысы жер жарады. Негізі Аралдың улы шаң, тозаңын жұтып отырған қарақалпақтар. Қарақалпақтар соңғы 30 жылда судың зардабымен қоса, экономикалық-әлеуметтік те қиыншылықты бастан кешуде.
Ал өз ағамыздың суға келгенде ұпайы түгел. Сондықтан да бұл көршіміз Аралдың кепкен ұлтанын өзге мақсатқа дайындауды сол 90-шы жылдары-ақ басты мұрат етті. Ол мақсаттың негізін СССР құрып бергені жасырын емес.
Өзбекстан қай заманнан жасылы желек жамылып, шалқыған көлдеріне үйрек ұшып, қаз қонып, табиғи балансында зәредей де ауытқушылық болмаған ел. Есесіне елдеріне шетелдің гранттары құйылып, басқа да халықаралық қаржы көздерінен қайтарымсыз млрдтаған доллар тартылуда.
Ал бізде соңғы жылдары Аралды ойлап отырған кім бар? Осы жағдай жалғаса берсе, Көкарал бөгеті жобасымен толған Кіші Арал да алдағы 5-10 жылда тартылуы ғажап емес. Сондықтан да сексеуіл егу жобасына халықаралық маңыз беріліп жатырған сияқты. Бұл жобаға халықаралық деңгейде даңғыра қағуына қарағанда, алдағы уақытта "Кіші Арал кепсе" деген болжамға дайындық болмасын.
Сексеуіл егіп, құм, тұз тоқтату бізде 91 жылы басталды. Алғаш сексеуіл жобасы басталғанда вертолетпен әуеден де, жерден де түсіргенбіз. Аралдың табанын, алабын аралағам. Көзіммен көргем. Фильм жасағам. Одан кейін сексеуіл, сарсазан егу 2008 жылдары ДБ қаражатымен одан әрі жалғасын тапты. Осылайша сексеуіл жобасы бізде бұрыннан бар болса да, оны өзбектер бастағандай, бүгінде қазақ өзбектің сол жобасын іліп әкеткендей саясат жүріп жатыр. Неге олай түсінбедім. Оған тереңдемей -ақ қояйын.
Халықаралық Аралды ҚҰТҚАРУ қорының тірлігі анау. Экоапат әкелетін Сода зауытымен мүдделесіп, алдыңғы жылы, сәуір айында меморандумға, ынтымақтастық келісімге отырды. АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫ ҚАЛАЙША Аралдың акваториясына шламқойма салғалы отырған СОДА ЗАУЫТЫМЕН МҮДДЕЛЕС БОЛАДЫ? Басым жетпейді.
МИЫМНЫҢ ҚОРЫТҚАНЫ МЫНАУ :
Аралды "ҚҰТҚАРУ" қоры биліктің маңайында болғандықтан, еліміздің Су басқару саясатының прогнозын біліп отыр. Немесе басқа жеке себептері бар ма екен?
Тіпті Аралды "Құтқару" қоры Сода зауытына Сырдария суы алдағы 30-40 жылға дейін азайған үстіне азаяды деген прогноз берген. Міне Аралды "құтқарушының" тірлігі.
Бишара Қазақ Қырғыздан да суды тіленіп алады. Электр энергия қажет болмаса да, қазақ сатып алуға мәжбүр.
Ал Өзбектің басынғаны соншалық, ортақ суды пайдалануды бізбен келіспей, 30 жылда 9 қойма салып алды. 2018 жылы Мирзиёев тағы 7 қойма салуға тапсырма берді.
Бұл халықаралық Су Конвенциясы нормаларына мүлдем қайшы.
САРАТС-2 жобасының Бір Деңгейлік нұсқасын Қырымбек Көшербаев қандай еңбекпен 2007 жылы Үкіметке өткізіп келгенде, Өзбекстан " біздің келісімізсіз, Сырдария арнасын реттемекші" деп ДБ-ке шағымданып, қаражатты тоқтатты. Шынтуайтында, Сырдың төменгі ағысының оларға ешбір қатысы жоқ. Титімдей де әсері жоқ.
Ал өздері Қазақстанның бар тіршілігі байланған Сырдың жоғарғы ағысын буып, қоймалар салғанда, бізден келісім сұрамайды. СУ КОНВЕНЦИЯСЫНА пысқырмайды да. МІНЕ Өзбекстанның Су саясаты. МІНЕ ӨЗБЕКСТАННЫҢ СУ БАСҚАРУДАҒЫ ӨЛЕРМЕН ПОЗИЦИЯСЫ.
Осы әрекеттердің бәрі Елімізде СУ САЯСАТЫНЫҢ ӘЛСІЗДІГІНІҢ КӨРІНІСІ. ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУҒА ДЕГЕН НЕМҚҰРАЙЛЫ ПОЗИЦИЯСЫН Судың КОМИТЕТ ДЕҢГЕйІНДЕГІ басқарылуынан ақ БІЛІП отыр. Басынып отырғандығы да сондықтан. Бұл шындық.
Өбек те, қырғыз да өз мүддесі жолында ештеңеден тайынбайды. Трансшекаралық су үстіндегі елдер халықаралық нормаларға сәйкес Су Конвенциясынв кіруге міндетті. Әрі Конвенцияға бағынуға міндетті.
Қазақстан оны да талап ете алмайды. Осы Ортақ Су мәселесіне келгенде, бір бүгежектеген мүсәпір ел боп отырмыз.
Мен қаншама жазып жүрмін. Кім құлақ асып жатыр?
Тағы да айтам. Қазақ елінде Су басқару тетігінің әлсіз екенін өзбек өте жақсы біледі.
Егер елімізде Су басқару саясаты мықты болса, Су Комитеті боп, әр министрліктің босағасында жүрмес еді. Елімізде сол допша тебіліп жүрген Комитетте Су ресурстарын басқару кадрлары да қалыптаспаған. Міне қазақтың Су саясатының сиқы.
Еліміздің Су басқару мемлекеттік бағдарламасы өңірлерде канал аршып, гидроузелдер салудан артылмайды. Ол да керек әрине. Ал бүкіл тіршілігі трансшекаралық өзендерге байланған Қазақтың Ортақ Су мәселесін кім басқарады? Әр министрліктің қол добына айналған Комитет пе, әлде әр жылдары ауысып, тұрақтамайтын КАДРЛАРЫ МА?
Мемлекетаралық Судың проблемасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Ел Президенті Тоқаев деңгейінде шешілмесе, Сырдария Амударияның соңынан кетеді. Өлмейді. Рахатын Өзбек көреді. Әмудің Суын Қарақұм каналы қалай жұтса, өзбек те солай Сырды сорып жатыр. Ол шындық.
Неге олай? Өйткені Өзбекстан Советтер тұсында Советтің су саясатымен 25 су қоймасын салса, соңғы 30 жылда 9 қоймасын салып алды. 2018 жылы Мирзиёев тағы 7 қойма құрылысына тапсырма берді. Алдыңғы 25 су қоймасы Арал теңізінің түбіне жетсе, Сырдың төменгі ағысының обалы соңғы 9 қойманы салғандардың мойнында. Ал енді қолға алынып жатқан 7 қойма Сырдың төмені ағысын түбегейлі жұтады әрі Қызылорда облысын аграрлы аймақтан, құмды, тұзды алапқа айналдырады.
Сосынғы болжам белгілі. Мұнайы да сорылып, түбі көрінген Алаштың Анасы - Қызылорда облысын екіге бөліп, Оңтүстігін Түркістан, Солтүстігін Ақтобе облыстарына беретін болады. Сонымен бітті бәтима. Адамзат өркениетінің ізі қалған, Түркі өркениетің тамыры жатқан, СЫР ЕЛІ тарих сахнасынан да, геокартасынан да ғайып болады.
Менің журналист ретіндегі бүкіл анализм тек осы болжамға әкеп тіреп тұр. Бұл болжамыма теңіздің бұрынғы акваториясын (су қорғанысына кіретін аумақ) әкімшілік аумаққа кіргізіп жіберіп, 502 гектар жерге шламқоймасын салғалы отырған Сода зауытымен ынтымақтастық келісімге отырған Халықаралық Аралды құтқару Қорының әрекеті түрткі болды.
Аралды ҚҰТҚАРУ қорының бұл әрекеті ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАРАСТЫ СУ КОМИТЕТІНІҢ СУ САЯСАТЫНДАҒЫ ПОЗИЦИЯСЫН АЙҚЫНДАП ТҰР. БҰЛ ҮКІМЕТТІҢ ДЕ СУ БАСҚАРУ САЯСАТЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМЫНЫҢ АЙНАСЫ ДЕСЕК БОЛАДЫ.
Қазақстан тек Сырдария өзенін пайдаланудан ғана ұтылып отырған жоқ. Қазақ жерінің тағдырын шешетін трансшекаралық 8 өзен бойынша да жағдай мәз емес.
Сондықтан тағы да қайталап айтамын, қайталай беремін. Өйткені Өзбекстан Президенті Мирзиёев те, оған дейінгі Каримов те су қоймаларын өздері аралап, проблемасын тікелей өздері шешіп, әр су қоймасының жағдайын, әр тамшы суды тікелей өздері бақылайды.
Ал бізде ше?
БІР МАУСЫМНЫҢ СУЫН ГРАММДАП, СҰРАП АЛЫП, қанағат етіп ОТЫРА БЕРСЕК, БІР КҮНІ СИРАҚТАН КЕЛЕТІН СУҒА ЗАР БОП ҚАЛМАЙЫҚ.
ОСЫНДАЙ ШЫНДЫҚТЫ АЙТҚАНЫМ ҮШІН МИНИСТРЛЕР КЕЛГЕНДЕ БОЛАТЫН ТЫҢДАУ, ТАЛҚЫЛАУЛАРҒА БАСҚАРМА БАСШЫЛЛАРЫ МЕНІ ОЛ ОРТАҒА ҚОСПАЙДЫ.
ОЙТКЕНІ ОСЫ ШЫНДЫҚТЫ ШЫРҚЫРАТЫП АЙТАТЫНЫМДЫ БІЛЕДІ.
ОРТАҚ МҮДДЕДЕ БАСШЫЛАР МЕН СИЯҚТЫ ЖЫНДЫ ЖУРНАЛИСТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ОРНЫНА, ҚАРАДАЙ ҚАШАДЫ.
АЛ МЕН БӘРІ БІР АЙТА БЕРЕМ.
СОНЫМЕН ТӘШКЕНТКЕ КЕЛІСІМ СТОЛЫНА Қ-Ж. Тоқаевпен бірге су үшін жанпида болатын Қыпшақбаев және Серік Қожаниязов сияқты суды жанкешті қорғап, қазақ позициясын табандап алып шығатын мықты, танк іспетті мамандар бірге барғандары жөн.
ОДАН НӘТИЖЕ ШЫҚПАСА, ОРТАҚ АВТОБАН, ТЕМІР ЖОЛ, ӘУЕ ЖОЛДАРЫ СИЯҚТЫ ОРТАҚ ДӘЛІЗДЕРГЕ ШЕКТЕУ ҚОЮ АРҚЫЛЫ ӨЗБЕКСТАНҒА ШАРТ ҚОЮ КЕРЕК.
Бізде өз мүддеміз үшін қысастыққа бара алатынымызды олар түсінгендері абзал.
Өз мүддемізді қорғау үшін Мынадай да ұсыныс айтар едім: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕРТТЕРМЕН БІРГЕ МЫНА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП, ОНЫҢ НӘТИЖЕСІ ӘЛЕМГЕ ТАРАУЫ ТИІС.
1. АРАЛ ТЕҢІЗІ НЕГЕ ЖОҒАЛДЫ?;
2. СЫРДАРИЯ, ҚАМБАШ НЕГЕ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР?;
3. АРАЛ ТЕҢІЗІН ҚҰТҚАРУҒА ӨЗБЕКСТАН НЕГЕ ҰМТЫЛМАДЫ?
Бұл сұрақтар төрткүл дүниені қызықтырары анық.
Арал теңізін ЭКОАПАТҚА ТІРЕГЕН СЕБЕПТЕРДІ АНЫҚТАУҒА ООН ЭКСПЕРТТЕРІН ШАҚЫРЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ШҰҒЫЛ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІ ТАЛАП ЕТУ КЕРЕК.
ОЛ ЗЕРТЕУЛЕР НӘТИЖЕСІМЕН ӨЗБЕКТІҢ ЕҢ СОҢҒЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАБЫЛАТЫНЫНА СЕНІМДІМІН.
БІРАҚ ОҒАН ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІНІҢ ЖҮРЕГІ ДАУАЛАСА?! Қалғаны бос сөз. Точка.
АЙТКҮЛ ШАЛҒЫНБАЕВА
Тәуелсіз сарапшы журналист.
Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесінің мүшесі
Қызылорда облыстық Қоғамдық Кеңес мүшесі
"Нұр-Отан"" партиясы Қызылорда филиалы жанындвғы "Мирас" қоғамдық кеңесінің мүшесі

facebook.com