Сен тұр - мен айтайын!

Судың ә, дегенде мешіт ауласынан бастап құрғағанын көрген жұрттың, "Құдайдың құдіреті" дегенінде тұрған не бар?

  • Судың ә, дегенде мешіт ауласынан бастап құрғағанын көрген жұрттың,

    Судың ә, дегенде мешіт ауласынан бастап құрғағанын көрген жұрттың, "Құдайдың құдіреті" дегенінде тұрған не бар?

Мақтаралдағы мешіттің біресе суда тұрған, біресе құрғақ хәлдегі фотосы интернетте талас туғызып жатыр.
Жақсылап сұрастырдым, екеуі де рас. Алдын ауылға су кіргенде мешіт ауласына да жайылған, кейін су арнасы түсе бастағанда мешіт төңірегіндегі су бірден тартылып кеткен. Видео алдын таспаланған, фото кейіннен түсірілген.
Бұл дауға айналдырып, талас туғызатындай күрделі мәселе ме?
Бәрі түсінікті емес пе?

Ия, жер биік шығар. Аула құмдауыт шығар. Бірақ оны халықтың мешітке деген құрметіне қарсы қойып қажеті қанша?
Елден бұрын мешіттің айналасы құрғаған екен, оны көрген мұсылман "бұл да бір Құдайдың құдіреті" депті. Оның қай жері надандық?
Әр нәрсені көріп, Алласын есіне алған, жақсылыққа жорамалдап, көргенінен ғибрат іздегенде тұрған не бар?
Мешітті су баспақ түгілі, қиратып тастаған замандар болған. Одан мешіттің қадірі түсіп, халық жүрегіндегі дәрежесі кеміді ме? Мешіт қирады екен, деп, мұсылман Исламнан қашты ма?
Әрине, жоқ. Ислам ғажайыптар мен тылсым түсініктерге құрылмаған дін екенін бәріміз де білеміз. Ақылдың діні, ғылымның діні екенін, Құдайдан ғалымдар қаттырақ қорқатыны жайлы аятты да оқығанбыз. Ғылым, білімге ыждаһат жасамай, мистика қуып, көсемін құдайдай көріп, қолы тәспіден, көңілі нәпсіден босамаған қаншама ағымдардың адасып, ерушілерін артқа тартқанына тарихтан таныспыз. Әрине, Әл-Фараби мен Ибн Синаның қалдырған ізін көріп тұрсақ та, бүгінгі үмбет - біздер Илон Маск пен Стиб Джобстың көлеңкесіне де ере алмай жатқанымыз өкінішті...
Надандықпен, қараңғылықпен күрескеніміз жақсы, бірақ "Исламнан бездіріп жатсыңдар, дінге көлеңке түсірдіңдер" деп, байбалам салар жер бұл емес. Сирияға кетіп соғысып, ата-анасымен ас ішпей, некеге немқұрайлы қарайтын, дәстүрді мансұқтап, ұлтын менсінбейтін қаншама шетін көзқарастар мен шектен шыққандар жүр. Соларды тәрбиелеп алсақ та аз олжа болмас еді.
Қанша биіктен қарасақ та жәй адам өз қөзқарасымен өмір сүреді.
Қарапайым халық қарапайым нәрсеге таң қалады. Судың ә, дегенде мешіт ауласынан бастап құрғағанын көрген жұрттың, "Құдайдың құдіреті" дегенінде тұрған не бар?
Ол сөзді мен де айттым. Мешіт түгілі біреудің баласы әкесінен аумай қалса да "Құдайдың құдіреті" дегенді айтамыз. Оның несі надандық. Елдің бәріне түсінікті жәй болса да, бітік шыққан егінді көрсек те, жауайын деп тұрған бұлтты жел айдап әкетсе де "Құдайдың құдіреті" деген сөзді қолданып жатамыз.
Біреудің сенімін сыйламасақ, құрметіне қалай бөленеміз. Құрметпен қарамаса, Ислам - ақылдың, пікірлеу мен пайымдаудың діні екенін қалай түсіндіресіз?!
Көрген ғажайып пен түсінбеген тылсымға қарап, "Құдайға жақын болам, Ислам деген осы" деп, уағыздауға мен де қарсымын.
Бірақ, көргенінен ғибрат іздеп, көңіліне тіреніш тапқысы кеп тұрған пендені де "надан, көрсоқыр, артқа тартушы" деп айыптауды қолдамаймын.
Әр нәрсенің ортасы бар. Бауырыңның жазғаны ұнамаса, тарпа бас салма, түсіндір. Ұлағатың жеткенше ұғындыр.
Қазақ қазақты өзіндей көрмей, көші алға жүрмес.
Жек көргеніміздің басын алғымыз кеп, жақсы көргеніміздің желкесінде отырғымыз келеді. Неге орташа мәміле жасай алмайды екенбіз?
Қасиетті Рамазан талас-тартыстың айы емес, ынтымақ берекенің айы. Нақты біреуге айтқан сөзім емес, жалпы жағдайға байланысты ойымды білдіріп жатқаным...
Алла оразаларыңызды қабыл етсін!
 




Көрілген: 2251    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.05.2020, 11:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30