Сұлу әдемі қыздарға өмір сүру оңай сияқты
Сұлу әдемі қыздарға өмір сүру оңай сияқты.
 
Байқаймын, осы желіде бір сұлу қыздар бір затты сұрай қалса, бір қалжың айта қалса, жәй ғана аяғының, көзінің, саусағының суретін сала салса - коммент пен лайк жауады ғой ...
 
Личкаға қаншауы кетіп жатқанын бір Құдайым білсін.
 
Ал біз бір нәрсе сұрасақ, 5-6 коммент, 10-15 лайк. Бітті. Пост өшеді.
 
Аяғым мен саусақтарымды салсам, ол да жоқ болып кететін шығар ...))
 
Жалпы өмірде сұлулар жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүреді дегенге көзім жетіп жүр.
 
"Жаны сұлу болсын!" деп сайрайды біреулер. Ал жеме-жемге келгенде, беті бытшыт, жаны сұлу қыздан, денесі сұлу, жаны бытшыт қызға қашып кетеді көбісі.
 
Лицемерие ...
 
 
 
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан