Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сүреден сүрінсең саудаң бітті

31 тамыз 2022, 13:56

Алматыдағы әйгілі барахолка діни фанатиктердің бақылауында сияқты. Байсат базарында күзетші болып жұмыс істейтін танысым айлық алу үшін құран сүрелері мен аяттарды жатқа білуің керек деп айды аспанға бірақ шығарды. Яғни, ай сайын жалақының уақыты жақындағанда базарға молда келіп күзетшілерден емтихан алады екен. Кімде кім сүре немесе аяттан шатасса айлығынан 5 мың теңге ұстап қалады дейді. 4 рет қателессең жалақыңнан 20 мың теңге жоқ деген сөз.

 

Ең сорақысы жиі қателескендерді бірден жұмыстан шығарып жібереді екен.

 

Бәріміз білетін Фатиха мен Бақара емес ең қиын, қарилар ғана жатқа соғатын сүрелерді сұрайды дейді танысым. Кей дыбыстарға тілің келмей шатассаң молдекең айқайлап, әңгір таяқ ойнатады дейді. Жасы егде тартқан күзетшілер біразын жаттап алған. Ал, отбасын асырау үшін 2-3 жерде жұмыс істейтін  жастарға обалды деп отыр таныс ағам.

 

Күзетшілерден сынақ алатын молда Жаңатұрмыс мешітінен келеді екен-мыс. Оған базар басшылары кәдімгідей айлық төлейді дейді. Ол аздай барлық күзетшілерді намаз оқуға мәжбүрлейді екен. Бұрыннан келе жатқан бұл ереже қаңтардағы қырғыннан кейін сап тиылған. Бірақ соңғы 1-2 айда қайта басталыпты. Жаңатұрмыстан келетін жаңа молда қатал деп ашынып отыр күзетшілер.

 

Бірақ осы мәселенің бәрін ашық айтуға, журналистерді шақырып шулатуға қорқады. Біріншіден жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Екіншіден бұл базар Мұхамеджан Тазабекпен бірге сапасыз суретке түсіп қалған әлгі кісінікі көрінеді. Сондықтан ол қамауда жатса да әлі қауқары күшті деп қорқады.

 

Абзал Құспан, Нуржан Усипбеков жұмысшыларды құран жаттатып намаз оқуға мәжбүрлеу қаншалықты заңды?

 

Ағабек Қонарбайұлы діни басқарма тарапынан күзетшілердің мына жанайқайына не айтасыздар? Зайырлы мемлекетте кез-келген азаматтың діни наным-сеніміне ешкімнің қол сұғуына жол берілмеуі тиіс қой. Сосын Жаңатұрмыс мешітінің молдасы дегенді де тексеріп көрсеңіздер. Бәлкім имам деген атты жамылып жүрген мүфтиятқа қатысы жоқ біреу шығар?!

 

 

Диас Нұрақын

Фейсбуктегі парақшасынан