Сен тұр - мен айтайын!

Сүю деген не өзі?

  • Сүю деген не өзі?

    Сүю деген не өзі?

Сыныптағы 15 ұл қызға талдырмаш қыз көк алма таратты. Ерсін бірінші болып қол созған еді, елемей өтіп кетті. Сыныптас ұлдар қыздың қылығына ыңғайсызданып, мойны салбырап, орнына барып отырған Ерсінге аянышпен қарады. Бірақ оған ешкім алмасын бөліп бергісі келген жоқ. Сәлден соң Ерсінге талдырмаш қыз, үйінен арнайы алып келген қып-қызыл үлкен алманы тығып беріп жатты...

***
Олардың танысқанына көп жыл өтті. Университетте жігіт абайсызда қара қыздың қасына жете бергенде сүрініп қалған. Қыз жігіттің жерге түскен кітабын ұсынып тұрып, жанарына жанары түсіп кетіп, арбалып қалды. Кейін де қыз жігітті көрген сайын жүрегі аузына тығылатын. Ерні кеберсіп, денесін діріл басатын. Әлемді ұмытып, күле беретін. Ол жігіт бірде киноға шақырды. Ернінен сүйіп алған. Ол қыздың алғашқы сүйісі еді. Бітті. Жігітті сол кештен кейін ұшты күйлі жоғалтты. Бірақ сол күн оның жүрегінде мәңгіге қалды. Есесіне ол көп жігітпен жүрді. Бірақ бір кездесуден соң қайта жолағысы келмейтін. Себебі баяғы діріл жоқ. Ешкім күлдіре де алмады. Ол биыл жалғыздан жалғыз отыздың жетеуіне шықты...

***

Студент қыз құрбыларымен тауға барды. Көршінің қара баласы 11 де көлікпен тосып алмақ болған еді. Келмеді. Көршінің қара баласы көлігі бұзылып, 30 шақырым жерді жаяу жүріп жеткенде қыз гитарамен ән салған жігіттің құшағында отыр еді. Ертесі көзі көгерген, қолында гитарасы бар жігіт ән салмай қойды...

***
Мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай баяғы талдырмаш қыз ең қымбат сән салонына барып, қасы көзін боятып, кірпік жапсырып, ең әсем көйлек сатып алды. Баяғы қызыл алма берген Ерсін үшін... Сол жиырма жылдық кеште екеуі бір столда қатар отырды. Бірақ екеуі ләм мим деп сөйлеспеді. Сағынысқан сыныптастар үш күн бірге қыдырды. Төртінші күні Ерсін қоңырау соғып "Кездесейікші. Мен сенің жүзіңді көрмегелі жиырма жыл өтті. Қасыңда жүрген үш күнде жүзіңе бір рет те қарай алмадым" деді.

Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1385    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29