Сыбайлас жемқорлықты жоюды майда-шүйде парақорлардың көзін жоюдан бастау керек
ПРЕЗИДЕНТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ҰСТАЛДЫ
Нұрғазы Анарқұлов күні кешеге дейін Қырғыз Республикасы Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі болды. Бірақ бірнеше сағат бұрын қолына кісен салынды.
Себеп?
Себеп, сол баяғы сыйбайлас жемқорлық, сол баяғы парақорлық!
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дегендей, Қырғыз Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі бір шоң қызметтен дәмесі бар байкеден қомақты пара алып, әлгінің арманын іске асыруға уәде беріпті.
Әрине, ақшаға деген аранын тоқтата алмаса өз обалы өзіне, менің риза болғаным үр жаңа Президент Жапаровтың сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа қарсы темірдей тәртібі мен үлгі тұтар ұстанымы.
Егер Президент баспасөз жетешісінің сайлау барысындағы және тағы басқа да "еңбектерін" ескеріп, оны тұтқындауға қарсы болса, Қырғызстанның ГКНБ-сы түк те істей алмас еді.
Бірақ, жаңа Президент Жапаров өзінің қасында жүрген кадрынан арамдықты, ал ГКНБ әрекетінен адалдықты көрді де, басқа жандайшаптарына сабақ болсын деп тұтқындауға қарсы болмады.
Сыбайлас жемқорлықты, парақорлықты түп-тамырымен жою үшін Президент, Үкімет басшысы, министрлер, әкімдер ең алдымен жан-жағындағы жалаңдаған майда-шүйде парақорлардың көзін жоюдан бастау керек істі.
Көсемәлі Сәттібайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан