Сен тұр - мен айтайын!

Сыртқа зәрін шашқан бойда ләззат құшағына бөленеді

  • Сыртқа зәрін шашқан бойда ләззат құшағына бөленеді

    Сыртқа зәрін шашқан бойда ләззат құшағына бөленеді

Әлеуметтік желідегі араздық тілін қалай доғаруға болады?
Өткен жолы өзім сыйлайтын журналистердің бірі маған телефон арқылы хабарласып: “Осы әлеуметтік желідегі бітпейтін дау-жанжалды қалай доғаруға болады, еш шімірікпестен бір-біріне өлім тілейтін ағайынды қалай ақылға шақыруға болады?”- деп сұрақты төтесінен қойды. “Медиа саласын АҚШтан оқып келдің, неге білгеніңді бөліспейсің,” - деп ренжіді. Біраз кібіртіктедім де, кейін хабарласайын деп телефонның тұтқасын қоя салдым. Өйткені бұл сұрақтың жауабын қазір күллі жер-жаһанның маңдай алды ғалымдары іздеп таба алмай жатыр. Менде де дайын формула жоқ. Ғалымдар бірлі-жарым еңбек жазады, бірақ жалқы еңбектер жалпыға қатысты мәселені шешуге қауқарсыз.
Әлеуметтік желідегі араздықты доғару мүмкін емес болар,
бірақ ағарту арқылы коммуникацияны жұмсартуға, жібітуге болады деп айта алар едім. Әзірге ғылымға белгілі жалғыз жол-сауаттандыру. Ол үшін ағартушылардың екі ілімнен хабары болуы керек. Біріншісі, медианың қоғамдық пікірді қалай өзгертетіні жөніндегі сауат (media effects) , екіншісі өзгелерді өз пікіріңе иландыра білу өнері (persuasion).
Медиа жөніндегі бұл екі ғылым не дейді?
Біріншісіне келетін болсақ, жаңа медианың дәстүрлі медиадан асып түспесе, кем түспейтін қауқарлы күш екенін тереңнен ұғынсақ екен. Қолыңыздағы қуыс аккаунттың өзі қоғамның кейбір мәселелерге деген көзқарасын радикалды түрде өзгертуға қауқарлы. Теледидар көрмейтін, газет оқымайтын, радио тыңдамайтын жұртқа фейсбук арқылы ана жерде өрт болыпты деп айта салсаң жұрт сене салады.
Екіншіден, медиа төңірегіндегі сауаты аздау адамдарды сөзіңе иландыру үшін сендіре білу өнерін (persuasion) үйренудің қажеті де жоқ. Салада адамдардың пікірі мен іс-әрекетін өзгерту жөніндегі дискуссиялар әлі жүріп жатыр. Ғылыми еңбектердің мазмұны терең әрі оны игеру үшін біршама уақытты сарп етуге тура келеді. Бұл жерде мен көпшілік ойлансын деген оймен бір ғана кейсті мысалға келтіргім келеді.
Өзгеге өлім тілеу ойдан басталады
Біз ең алдымен ойша дұшпан жасаймыз. Біреуге өлім тілейміз, бастық ауырып жұмысқа келмей қалса, кредит алсақ банк банкрот болса деп армандаймыз. Тізімді өзіңіз ойша ұлғайта беріңіз…
Адамзат қаруды ойлап таппас бұрын, олардың ойына алдымен қарудың суреті келді. Демек біз өзгелерді өлтіру керек, сазайын тарттырсақ бір жасап қаламыз деген оймен ғана айбалта немесе баллистикалық зымырандарды ойлап таптық. Бұл туралы пропоганда мен қақтығыстар туралы көп жазған Сэм Кинг көп айтыпты. Біз өзіміз өзгелердің өлгенін, тақтан тайғанын, науқасқа шалдыққанын тілеп, қарғысты ойлап таптық.
Дәл сол секілді зорлық-зомбылық тіліне жүгінбес бұрын, адамдар өздері ойша жау жасайды, өзге адамдардың, этникалық топтардың жойылып кетуін, жанышталуын, көшіп кетуін, жаппай қырылуын тілейді. Бұл кезде гуманизим деп аталатын ілім жылап-еңіреп бір бұрышта қалады. Адамдар сондай ойға әбден еті үйреніп кеткеннен кейін, батыл әрекетке баруға қамданады. Сөйтіп, ұялы телефонын қолға алады, әдемілеп отырып айызы қанатын бейпіл тіркестерді тереді. Сыртқа зәрін шашқан бойда ләззат құшағына бөленеді. Өзгені кемсіту туралы ой келгеннен кейін- ақ, әрекетке бару тек уақыттың еншісіндегі шаруа.
Руанда кейсі
Енді қақтығыс тілінің кесірінен жаһан алдында қара бет болған халықтар жөнінде айтқым келеді. Мына суреттерде Руанда бейнелеген. Менің түсінігімде бұл ел - басқы бәле тілден деген қазақтың ықылым заманнен бері келе жатқан ақылын естен шығарып алған ел. Руандада болған геоноцид туралы естігендеріңіз бар шығар. Сол геноцид басталарда жергілікті Радио маңызды рөл ойнапты. Радио арқылы сол елде тұратын аз ұлттардың тарапына өшпенділік репликалары көп айтылған. Аз топтарды жек көру, адам қатарына қоспау (dehumanization), тырнақ астынан кір іздеу бір демде күтпеген трагедияға апарды. 1994-жылы Руандада миллионға жуық аз этникалық топ өкілдері бауыздап өлтірілді.
Руандалықтар алдымен ел ішіндегі аз этникалық топтармен радиодағы репликалардан кейін ойша өштесті, ойша өлтірді, сосын шімірікпей бауыздады. Бұл осыдан бір ғасыр не елу жыл бұрын болған оқиға емес, кеше ғана болған оқиға. Жаңа заманда бізге бұрынғыдай теледидарға телміріп, не радиоға қарап отырудың қажеті жоқ. Фейсбук пен Инстаграм Радиодан еш кем түспейді. Сондықтан араздық отын әлеуметтік желіде қоздырудың артында өзге мемлекеттердің ұлттық трагедиялары жатқанын ұмытпаған жөн секілді.

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3650    Пікірлер: 0

сенбі, 04.09.2021, 19:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31