Сыртта жүрген пәрменді күш, біздегі киноиндустрияның осалдығын пайдаланды

27 қазан 2020, 12:43

Туды мазалап бітті... Бұл не, Боратқа жарнама жасау ма? Қайта соны құтыртып жатқандай әсер береді. Зайырлы мемлекетпіз. Мемлекет туын қорлағаны үшін Бораттың режиссерін, продюссерін соттауға әлемдік заң бар. Зайырлы жолмен сотқа берілсін. Бәріңіз туді бүгін көргендей... Біздің туымыз жүрегімізде. Қантамырымызда. Мишығымыз көк байрақ боп ойлайды. Ал, киноға келсек, Борат - жәй актер. Орындаушы. Ақшасына айтқанын ойнап берді. Сыртта жүрген пәрменді күш, біздегі киноиндустрияның осалдығын пайдаланды. Біздің киногерлер екі асап - бір шайнайтын мықты кино түсіріп, әлемнің таңдайын қақтырса, бір сайқымазақты ешкім көзіне ілмейді де. Ол үшін киноиндустриямыз оянсын! Боратты Голливуд танымайды. Бұл фильмді қаржыландырып отырған "ықпалды күшті" құзырлы орын қасқағымда құрықтауына болады ғой?

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан