Сен тұр - мен айтайын!

"Сырттан келгендер не айтар" дегеннен туған тупизм

  • "Сырттан келгендер не айтар" дегеннен туған тупизм

Түркіменстанның жағдайына қатысты бірқатар ақпараттар бере кетсем. Осы аптада оқыған жаңалықтардан түсінгенім:
1. Елдің жағдайы күн сайын нашарлап барады. Айырбас жүйесі кеңею үстінде. Мысалы "сен маған сүт бер, мен саған нан беремін" дегендей. Бұл тоқырау жылдарында болып еді. Жалпы әлем қағаз ақшадан бас тартып, цифрлы қаржылық аударымға көшіп жатыр. Ал айырбас жүйесі орта ғасырлық тәжірибе.
2. Шекарада талибтерден сақтанған халық, ел ішіне қарай көшуді жалғастыруда. Шекара маңында "белгісіз жағдайда" қаза тапқан сарбаздар азаяр емес. "Ел үкіметі талибтер басып кірмесін деп ақша төлеп отыруы мүмкін" дейді кей сарапшылар.
3. Жұмыссыздық салдарынан суицид саны артқан. Алдында ғана жас келіншектің өзін өртеп жіберуі біраз талқыланып еді. Марқұм екі жыл жұмыс таба алмапты.
4. Ресми Түркіменстанда вирус жоқ, бірақ карантиндік шектеулер бар. Билік ол шектеулерді не үшін енгізгенін айтпады. Вирустан көз жұмушылар саны артуда, бірақ ол тіркелмейді. Вакцина егу басталды (вирус жоқ дейді, вакцина егуде).
5. Өзбекстандағы Қарақалпақстанға өтіп кетпек болған жайттар тіркелген. Қарақалпақстанның жағдайы нашар, ал Түркіменстанда тіпті нашар деген сөз ғой.
6. Түркімен билігі көшеде нашар киім киюге бейресми тыйым салған. Нашар киініп жүрсең ұстап алып, күштеп жұмысқа салып қоюы мүмкін. "Сырттан келгендер не айтар" дегеннен туған тупизм болса керек.
7. Осының барлығына қарамастан түркменатордың кезекті әні шықты.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1713    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 10:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30