Сіз жағымпаз емессіз бе?

Сіз жағымпаз емессіз бе?

ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТ?

▪️ Жағымпаздық көбіне өз қабілетіне өзі сенбейтін, оңай жолмен артық пайда табуды не билік-мансапқа қол жеткізуді, өмірінің мәні еткен адамдардың бойында кездеседі.

 ▪️Жағымпаздықтың әлеуметтік қоғамға тигізетін зияны көп. Жағымпаздық орын алған ортада адамгершілік принциптері мен шынайы құндылықтардың бағасы төмендейді. Қарым-қатынастарда жалған өлшемдер белең ала бастайды. Алдау, арбау, қулық пен сұмдық, жемқорлық!

▪️ Қоғамның кері тартып, алға жылжымауы да осы жағымпаздық қасиеттің белең алып жатқан көрінісі іспеттес. Бұны құлдық сана деп айтсақ та болады. Кей адамдардың жұрт қамы үшін нақты ұсыныс пікір қосайын деп емес, «бір көрініп қалайын» деген жағымпаздық ниеті айқайлап тұрады.

«Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін». Жағымпаздық қасиеттің арқасында, қисық сөздер ести беріп, етіміз үйреніп кету қаупі бар!

▪️Жағымпаздық – рухы жоқтықтан, жасқаншақ болудан, сенімсіздіктен туындайтын мінез. Ешкім сізді жағымпаз болуға мәжбүрлемейді, өтінбейді, сұрамайды. Әр адам өзін-өзі жасайды! Оны психологияда өзіне сенімсіздік (комплекс неполноценности) деп атайды. Бұл дерттен тіпті ауру ретінде емдейді. Егер онымен дер кезінде күреспесеңіз, сіздің қоғамға тигізер пайдаңыз көк тиын деген сөз!

▪️ Өзгелерді мадақтаумен, қошеметтеумен, біреуді көлеңке тұтатын адамды жағымпаз адамнан не күтуге болады? Жағымпаз болу оңай ма? Сіз жағымпаз емессіз бе? Жағымпаз болмау үшін не жасауымыз керек?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста