Сен тұр - мен айтайын!

Сіз құл болып, біреуді процентпен байытып жатырсыз...

  • Сіз құл болып, біреуді процентпен байытып жатырсыз...

    Сіз құл болып, біреуді процентпен байытып жатырсыз...

Кеше көшеде кетіп бара жатып бір мекеменің алдында топырлап тұрған адамдарды көрдім. Анықтап білсем, қазақтарды кредитпен «жарылқап» жатқан ресейлік мекеме екен. Кейінгі кезде осындай микрокредиттік ұйымдардан аяқ алып жүре алмайтын болдық. «До зарплаты», «Займер», «Көке.кз» дейсің бе, жаңбырдан кейін қаулап шыққан саңырауқұлақ сияқты қаптап кетті өздері. Кейін зерттеп қарасам, бұлардың бәрі Ресейде тіркелген, сол жақтан келген компаниялар болып шықты. Кредитке қосатын проценттері сұмдық енді! Біздің банктердің проценті оның қасында жолда қалады. Олардан 10 мың теңге алсаң, 30 күннің ішінде екі есе қылып қайтарасың. Мұндай компаниялар қазір кедей елдің (Африкада көбіне) бәрінде дерлік бар. Өзі әрең күн көріп отырған халықтың соңғы тиынына дейін сыпырып алып байып жатыр. Офистарында кемпір-шал мен бала-шағаға дейін жүр. Қиналып кеп кредит алатындары бар шығар арасында. Бірақ біздің халық дайын ақшаға жаман үйреніп алған секілді. Сотканы кредитке алып, соткасына ақша жетпей тұрса да кредит ала салатын ауруға ұшырадық. Сіз құл болып, біреуді процентпен байытып жатырсыз. Процентке ақша беру де, процент алу да – дінімізде харам. Кредит алған адамның өзі берекесі кетіп, бір басын екі ете алмай жүреді, байқаған шығарсыздар? «Хочешь заработать деньги, зарабатывай на бедных» деген ұраны бар бұлардың. Естеріңізді жисаңыздаршы, қазақтар!

 

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2008    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31