Сіз қызтеке көрдіңіз бе?

25 қараша 2018, 11:52

- Сіз қызтеке көрдіңіз бе? -дейді таксист.
60 жастан асқан ақсақалдың сұрағы түйеден түскендей. Үндемедім. Жүргізуші де жақ ашпағанымды күткендей , әңгімесін жалғастырды.

- Түнде бір бойжеткен отырды. Өте әдемі, көзі қарақаттай сұлу қыз. Алайда дауысы жуан . Түрі, киген киімі, дене бітімі де әйелден аумайды. Немеремдей бала екен. Жігіт емессің бе деп сұрадым. "Достарыммен бәстесіп едім. Бүгін ғана осылай киініп баруға мәжбүрмін " деп желкесін қасыды. Айтқан уәжіне иланбағанымды сезгендей шынын айтты.
Оның ата-анасы дәулетті кісілер екен. Астанада тұрады. Олар ұлы жайлы шындықты біледі. Баласына пәтер сатып алып , еншісін берген. Қазір Алматыда жалғыз тұрады. Өте мәдениетті, ақылды, білімді жігіт екен. Діттеген жеріне жеткізіп тастадым. Туу сыртынан көз тастап, ішім у жалағандай ашыды. Ауытқу ма, ауру ма, бұл не? Қайдан келген дерт? Бір отбасының түтіні өшті. Заман өзгерді, - деп Миша ағай күрсінді.

facebook.com