Сен тұр - мен айтайын!

Сіз отбасы күнін қалай өткізесіз?

  • Сіз отбасы күнін қалай өткізесіз?

    Сіз отбасы күнін қалай өткізесіз?

Бірнеше жыл бұрын бейтаныс жігітке қоңырау шалдым. Танысып, шаруамды айттып, кездесетін күнді сұрадым. &ldquoМаған сенбі түс мезгілі ыңғайлы болар еді&rdquo деді. &ldquoЖексенбі жолықсақ қалай?&rdquo дегенім сол-ақ екен: &ldquoбос емеспін, жексенбі - бізде отбасы күні&rdquo... Отбасы күні? Массаған. Ааа жақсы, онда сенбі жолығайық. Келістік.

Кездескенде негізгі шаруамнан бұрын отбасы күні жайлы сұрадым. &ldquoЖұмыс-жұмыс деп жақындарымызға көңіл бөле бермейміз. Аптасына бір рет келетін отбасы күні - осының орнын толтырады. Бұл күні паркке барамыз, қала сыртына шығамыз, кино, театр, концерт. Кейде дәмді тағамдар дайындап, үйде өткіземіз" деді.

Жаңадан үйленген шақ еді бұл. Мағыш мамасының &ldquoішінде&rdquo, папасының кім екенін білмейді әлі:) Ееее балам саған &ldquoповезло&rdquo дедім ішімнен... Мынадай құнды ақпаратты сен дүниеге келмей тұрып білгенім қандай жақсы болды... Бірақ, бірден бұл күнді жүйелі қарсы алдық десем өтірік болар. Ойлағандай оңай емес екен. Деседе, соңғы жылдары үйреніп қалдық. Нью-Йорктағы жарты жыл өміріміз бұл дәстүрдің мықтап орнығуына үлкен үлес қосты. Сенбі-жексенбінің бір, кемі жарты күнін отбасымызға арнаймыз.

Қаласаң, бүкіл әлем тоқтап, күтеді екен. Жұмыс та, табыс та қашпады. Қайта береке артқандай болды. Тәубә! Бала тәрбиесінде бұл күннің өз таңбасы қалатынына шүбә жоқ. Мағыштай жұма күні кешке &ldquoосы демалыста қайда барамыз&rdquo деп сұраулы көзбен қарайтынды шығарды:) Алдағы отбасы күнін қалай өткізсек екен деп, әрдайым әдемі жер, қызық локация іздеп жүресің. Сөйтіп жүріп өмірің қалай түрлі-түсті реңкке боялғанын білмей де қалады екенсің... Бастысы, балаңыз қуанса, жанұя жылулығын толық сезінсе мақсат орындалды дей беріңіз.

Мынау осы айдағы отбасы күндерінің бірін &ldquoҚайыңды орманда&rdquo қарсы алған кезіміз ғой. Тұмса табиғат, сұлу қайыңдар, Мағыштың күлкісі - көз алдымда. Ол жердегі түскі асқа ешқандай ресторан тағамы жетпейді. Отбасы күндеріміздің бірегейі боп &ldquoөмір күнделігіне&rdquo жазылды.

Таңертең Көкжайлауға шығып келемін. Түстен кейін кезекті отбасы күнін Ботаникалық бақта өткізсек деп тұрмыз.

P.S.: Сіз отбасы күнін қалай өткізесіз? Қайда баруға болады? Ең күшті идея айтқан адамға бір &ldquoмощный&rdquo кітап сыйлаймын.




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.11.2020, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31