Сіз өзіңіздің ең жақын досыңызға түйе сияқты адалсыз ба?

Сіз өзіңіздің ең жақын досыңызға түйе сияқты адалсыз ба?

Сіз түйе сияқты адалсыз ба өзіңіздің ең жақын досыңызға? Иә, кәдімгі түйе сияқты. Түйелердің достығы ғажап! Мысалы, біздің үйдің түйесі ауылдың анау шетіндегі бір үйдің түйесімен дос (подруга) болса, бітті, содан айырылымай қалады. Ол үйдің түйесі өріске шықпаса, бұл да шықпайды. Және «неге шықпады?» деп, сол үйдің қорасына барады бүкіл ауылды басына көтеріп, бір сұмдық жағдай болып қалғандай аңырап боздап. Егер де Сіздің жан досыңыз бүгін жұмысқа немесе барамыз деген тойға келмей қалса, оны үйіне іздеп барасыз ба аңырай боздап? Әй, қайдам? Әлгі түйе өріске барғанда подруга түйесі жоқ болса, сол өрістен ерінбей-жалықпай қайтып келеді де, сол үйдің қасына барып боздап тұрып алады, немесе сол үйдің күліне аунап жатып алады. Қусаң да кетпейді. Аштан өлуге бейіл. Тек анау дос-түйесінің аман-есендігін көзі көріп тұрса болды. Соған ырза. Сіз сөйтесіз бе? Өйтпейсіз ғой. "Түйдей құрдас па?" әлде "Түйедей құрдас па?". Қайсысы дұрыс" деп талас болып жатыр екен бір жерде. Соған жауап. Түйедей құрдас, түйедей тату деген мағына болар.

Оңайгүл Тұржан
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста