Сен тұр - мен айтайын!

Сіздер айтпайтын, айту маңызды емес деген тақырыпты газеттен оқуы мүмкін

  • Сіздер айтпайтын, айту маңызды емес деген тақырыпты газеттен оқуы мүмкін

    Сіздер айтпайтын, айту маңызды емес деген тақырыпты газеттен оқуы мүмкін

2008 жылы туған балаларға балапан мұрт шыға бастады. Ал 2007 жылғылардыкі кәдімгідей білініп қалыпты. Демек ержете бастаған деген сөз. Біздің жиен 2008 жылғы. Үш ай каникулдан соң мектебіне барғанда сыныптастарының бойындағы өзгерісті бірден байқапты. Алдында ғана "Ұланнан" ұлдарға арналған жыныстық тәрбие жөнінде материалды оқыған екен. Оның үстіне "Биология" энциклопедиясының ішінде де іздеген сұрағына жауап табатындай ақпарат қамтылған.

Мектепке баратыннан бір күн бұрын көрші баланың да ержетіп келе жатқанын байқап қойыпты. Әлгі бала ержетіп келе жатқанына қысылатын сияқты. Оны біздің Бекең бірден аңғарған да, газеттен, кітаптан оқығандарын айтыпты. Мектебіне барса да достарының осы мәселемен бастары қатып жүр екен. Өзі былай түсіндіріпті: 11-12 жастан бастап гормондар жетіле бастайтынын, түктер пайда болатынын, дауысында да өзгеріс пайда болатынын, қыздармен де бұрынғыдай алысып-жұлысып ойнауға болмайтынын, өйткені қыздардың да кеуде тұсында түйін пайда болып, байқаусызда қолдары тиіп кетсе ауыртатынын айтып, жыныстық тәрбие сағатын өткізіпті. Сыныптағы бүкіл бала ауызы ашылып тыңдапты. Оның сыныптастарының 50-60 пайызы отбасында әкесіз өсіп келе жатқан балалар. Сондықтан ұл балаларға тап қазіргі жастары қиынға соғып жүргені жасырын емес. Бекеңнің түсіндіру сабағынан кейін достары: "Сен бұның бәрін қайдан білесің? Осындай нәрсені оқуға мамаң рұқсат бере ме?" деп сұрапты. "Ұланнан" оқыдым, кітаптарым бар. Мамам бәрін оқи бер деп айтады", – деп жауап беріпті.


Осыны естігенде балаларға жаным ашып кетті. Иә, көп ата-ана жыныстық тәрбие туралы айту ерте деп, баласымен бұл тақырыпта сөйлеспейді. Кейбірі ұят санайды. Бірақ алғашқы ақпаратты сенімді көзден алмаса, баланың жайы не болады? Ойлаудың өзі қорқынышты. Қазір баланың бәрінің қолында смартфон бар. Әуретті жердің атын жазды да, бала өзін мазалаған сұрақ туралы іздене бастады дейік. Сонда балаға мүлде кері әсер ететін ақпараттар да шығуы мүмкін. Бейәдеп картиналар мен видеолар да жылтыңдап тұрса ше? Әрине, баланың ойы басқа жаққа қарай бұзылуы мүмкін. Ал одан кейін ұлыңыз бен қызыңызға ар-ұят, абырой, денсаулыққа зиян екені туралы ақпаратты сіңіріп көріңіз.

Меніңше, кез келген тақырыпта сөйлесуге қысылсаңыз, бірінші газет-журнал, брошюра-кітаптар оқытыңыз. сол кезде бала да ненің не екенін түсіне бастайды және тығылып оқып, тығылып видео-фотолар көрмейді. Бала ол тақырыпта әңгімелесуге психологиялық тұрғыда дайын болады. Сөз соңында жарнамаға ұқсап кетсе де, айтайыншы, тым болмаса балаңызға "Ұланды" жаздырып беріңіз. Өйткені сіздер айтпайтын, айту маңызды емес деген тақырыпты газеттен оқуы мүмкін. Баладан жақсы адам, мықты маман болуды талап етпес бұрын, оны дайындаңыз. Бір жылда газеттің 52 саны қолдарына тиеді. Бірінде болмаса, бірінде балаңыздың өмірін жақсы жаққа бұратын материалды оқуы мүмкін.


Жадыра Нармаханова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 10:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31