- Бір ата-ана "Балама қол жұмсады" деп 4 мұғалімді сотқа беріп жатыр..
Біздің жазығымыз жоқ..
Басшыларға барсақ "Өздерің басыңдар" - деп қол сілтейді..
Бізді кім қорғайды? - деп шырылдайды, телефон арқылы хабарласқан бір мұғалім.
- Не жазығымыз бар?
- Сіздердің жазықтарыңыз - өзге мұғалімдер өздерінің мәртебесін қорғап шырылдап жатқанда сіздердің үнсіз отырғандарыңыз!
Қаттылау айтқан шығармын..
Бірақ анығы осы...
Бір қызығы звондаған адам менің пікіріммен келісті..
Гитлердің замандасы, неміс пасторы Мартин Нимёллер: Коммунистерді ұстағанда үндемедім.
Себебі мен коммунист емес едім.
Социал-демократтарды ұстағанда да үндемедім.
Себебі мен социал-демократ емес едім.
Кәсіподақ белсенділерін әкеткенде де үнсіз қалдым. Себебі мен кәсіподақ мүшесі емес едім.
Ал мені әкетуге келгенде, мені қорғайтын ешкім қалмап еді..
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан