Сен тұр - мен айтайын!

Сіздің қандай адам екеніңізді қойныңыздағы әйеліңіздің қабағы айтып береді

  • Сіздің қандай адам екеніңізді қойныңыздағы әйеліңіздің қабағы айтып береді

    Сіздің қандай адам екеніңізді қойныңыздағы әйеліңіздің қабағы айтып береді

Шектен тыс эмпат, яғни, қазақша айтқанда көңілшек болсаң да қиын екен. Көрінген жерден мұң тауып алып, жаның ашиды да жүреді. Кеше кешкісін Арбатта қыдырып жүргенбіз. Көңілді музыка, серуендеп жүрген халық. Гитарамен ән айтып жатқан жігіттердің өнерін тамашалап тұрғанбыз. Қаумалаған жұр арасынан кенет көзім жас жұбайларға түсіп кетті. Әйелі бұртиып, ашуланып, тіпті жылап тұр. Күйеуі оны жұбата алмай әлек. Басында "ту, мына келіншекті-ай, күйеуін сонша жалындырып, несіне бұлданады?" деп ойладым. Бір кезде олар маған жақын келгенде сездім, мәселенің мән-жайы неде екенін. Күйеуінің үстінен арақтың иіс мүңк ете қалды. Ол да ештеңе емес шығар, еркек болған соң арасында ішеді да дерсіз. Бірақ... Әлгі еркектің қолында бір қызы бар еді. Шамамен 3-4 жаста. Бері қарағанда байқадым, бүлдіршін өзінен-өзі күле береді екен. Ақыл-есі кемдеу. Әлгіні көрдім де, жүрегім зырқ ете қалды. Байғұс келіншектің неге мұңайғанын, неге жылағанын түсінгендей болдым. Жалпы, тұрмыстағы бар ауыртпалық әйелдің мойнына артылады ғой. Әйел бәрін көтереді. Тіпті күйеуін де өмір бойы тұңғыш баласы секілді "арқалайды" да жүреді. Содан әрине, қиналады, оны сөзбен айта алмайды, көзі айтады, яғни, әйел жыласа жайдан-жай емес. Ол уже айтарға сөзі жоқ, жаны қатты қысылып кетті деген сөз. Өкінішке орай, бізде жылайын десе ұялып, намыстанып, содан іштей тұншығып жүрген әйелдер көп...

Қымбатты, ер азаматтар, әйелдерді, әйелдеріңізді жылатпаңыздаршы. Себебі сіздің қандай адам, қандай күйеу екеніңізді үстіңіздегі киім, астыңыздағы көлік емес, қойныңыздағы әйеліңіздің қабағы айтып береді. Осыны ұмытпаңыздар!


Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3480    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 09:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31